Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ 68 ПАЙЫЗЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН

ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ 68 ПАЙЫЗЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов хабарлады.



-Бүгінде Шиелі кенті және ауданға қарасты Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғас елдімекендері табиғи газбен қамтылған. Енді 4 елдімекенге газ желілерін орнату үшін тиісті министрлікке ұсыныстар беріліп, оның ішінде Еңбекші және Жиделіарық елдімекендеріне республикалық бюджеттен қаржы қарастырылды. Сонымен қатар Тартоғай және Майлытоғай ауылдық округтеріне ішкі және сыртқы магистралды газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Осы аталған жобалар толық жүзеге асырылса аудан халқының 85 пайызы көгілдір отынмен толық қамтамасыз етілетін болады. Тағы бір айта кететін жайт, биыл Шиелі кентінде және Алғабас ауылындағы 2 мектептің бу қазандықтары газ желілеріне ауыстырылады, - деді аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі
01 ақпан 2023 ж. 394 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930