Шиелідегі «Денсаулық қалашығы»

Денсаулық фестивалінің мақсаты – медициналық көмектің сапасын арттыру және бұқараны спорттық шараларға көптеп тарту. Бүгінде бұл міндет барынша орындалып жатыр. Спорттық құрылымдар, секциялар, үйірмелер, фитнес-студиялардың есігі айқара ашық. Онда мықты жаттықтырушылар мен білікті мамандар риясыз қызмет етеді. Түрлі спорт түріне ынтықтар үшін жаттығу құрылғылары орнатылған. Бір сөзбен айтқанда, әркім іздегенін табады.
Осы фестиваль аясында «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылып, тұрғындар арнайы дәрігер мамандардан кеңес алды. Сондай-ақ кардиолог, невропатолог, лор, хирург, эндокринолог, гинеколог мамандары тұрғындарға тегін қызмет көрсетті. Ал тұрғындар флюоро, УЗИ, ЭКГ, глюкометр аппараты арқылы тегін диагностикалық тексерулерден өтті.
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ