Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам саулығы алдыңғы орында

Адам саулығы алдыңғы орында

Өткен сенбіде М.Шоқай атындағы орталық алаңда «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы өтті. Негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын денсаулықты сақтауға, нығайтуға насихаттау. Акция барысында бірқатар медицина мамандары аудан халқын толық тексеруден өткізіп, тегін кеңестер берді. Олардың қатарында кардиолог, терапевт, хирург, психолог, жастар денсаулық орталығы, невропатолог, эндокринолог мамандары бар. Сонымен қатар қарапайым халық ЭКГ аппаратына түсіп, қандағы холестерин, қанттың мөлшерін анықтауға, қан қысымын, бой, салмақ өлшеуге, флюрографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік алды.
Шарада спорттық жарыс та ұйымдастырылды. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жарыста жеңген жеңімпаздарды алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті. «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

«Өскен өңір» ақпарат
17 қыркүйек 2019 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930