Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТЫ МІНДЕТ – БІЛІМ САПАСЫ

БАСТЫ МІНДЕТ – БІЛІМ САПАСЫ

2023-2024 оқу жылының бас­талуына санаулы күндер қалды. Әрине, кезекті оқу жылының ойдағыдай өтуі, оның өн бойында жақсы жетістіктер мен нақты нәтижелердің де көрініс беруі оған дайындықтан бастау алатыны бұрыннан белгілі жайт. Осыған байланысты аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова брифинг өткізді.
Аудан бойынша жалпы білім беретін 43 мектеп, оның ішінде 34 орта мектеп, 3 негізгі, 3
бастауыш, 1 кешкі мектеп және «Samgau school» және «Ziyatker School» жеке мектептері білім беру қызметтерін жүзеге асырады. Оның 40 білім ұйымы қазақ тілінде оқытатын мектеп болса, 3 екі тілде оқытатын аралас мектеп.
Шиелі ауданы бойынша 43 білім беру мекемелерін өткен оқу жылында 1-11 сынып аралығында 19 007 оқушымен бастап, 18 915 оқушы аяқтаған. Негізгі мектепті 1766 оқушы тәмамдап, оның ішінде 194 бітіруші негізгі орта білім туралы «Үздік аттестатқа» ие болған. Орта мектепті бітіру туралы аттестатты 985 бітіруші иеленіп, оның 830 Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысқан. ҰБТ-дің ІІ легінің қорытындысы бойынша ауданның орташа балы – 77,75 балл, ең жоғарғы балл – 130 балл. 65 түлек ерекше үлгідегі «Алтын белгі» белгісін иеленген.
Мемлекеттік грант конкурсына қатысқан 732 түлектің 571-і (78 пайыз) мемлекеттік грант иегері атанған. Оның ішінде 231 түлек педагогикалық мамандықтар бойынша, 59-і медициналық, 140-ы техникалық, 41-і ауыл шаруашылығы және 100 түлек басқа саладағы мамандықтар бойынша грант иегері атанған.
Жібек Орынбайқызының айтуынша, ауданға 8 мамандық бойынша облыс әкімінің гранты бөлінген.
Сонымен қатар мемлекеттік колледждер мен жеке колледждерге, жеке ЖОО-на түсуге мүмкіндіктер жасалып отыр. Оған қоса кент орталығында орналасқан «Шиелі индустриалды аграрлық колледжімен» әріптестік қарым-қатынас орнатылғаны, жай-күйі сөз болды. Былтырғы 2021-2022 оқу жылы қорытындысымен 9-сынып бітірушілер арасынан 121 түлек осы колледжге оқуға түскен. Биылғы мемлекеттік тапсырыс 180 балаға беріліп тұр. Биылғы болжам бойынша мектеп бітіруші түлектердің 99,2 пайызы (өткен жылы 98,7 пайызы) орналасады деп күтілуде.
Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 1644 оқушы келеді деп күтілуде. Оның 1564 қазақ сыныптарында, 80-і орыс сыныптарында оқытылады.
Брифинг соңында сала басшысына журналистер тарапынан сұрақтар беріліп, толыққанды жауап алынды.

«Өскен өңір» ақпарат
28 тамыз 2023 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031