Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына жүйелі дайындық керек

Жылу беру маусымына жүйелі дайындық керек

Тамыз айында Шығыс Қазақстанда қар жауып, аязды жел бізді де бір өпкен еді. Одан қалды шілде ыстық болса, қыс та қатты болады деп топшылайтын қазақы пайым да бар. Күнтізбеде желтоқсан, қаңтар, ақпан болғанымен, әдетте қыс «алты» айға созылады. Қазан мен қараша күзге тиесілі болса да, халықты бүрсеңдеткен суығымен қысты бір орайды. «Сәуір келмей, тәуір болмас» деп наурызды да қысқа еншілейміз. Олай болса жылыту маусымына әзірлікті қазірден бастағанның еш әбестігі болмас.
Жуырда жылу беру маусымын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық штаб отырысы өтті. Штаб төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов өңірдегі жылу қазандықтарының дайындығы мерзімінде қамтамасыз етіліп, отын қорын молынан жеткізу қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен қатар коммуналдық қарыздардың мерзімінде өтелуінің маңызына тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Аманжолов сөйлеп, жылу беру ­маусымына дайындық мәселелерін талдап, ұсыныстарын айтты.
– Алдағы 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымын өткеруге аудан бойынша 134 нысан, оның ішінде білім саласы 60, мәдениет пен спорт 33, денсаулық саласынан 41 мекеме даярлануда. 134 нысанның 88 нысан қатты отынмен, 25 нысан көгілдір отынмен, 21 нысан сұйық отынмен жылытылады. Бүгінгі таңда денсаулық саласы бойынша 483 тонна қатты отынға келісім-шарт жасалды. Сұйық отынға жоспарланған 132,7 мың литрге конкурс жарияланып жеңімпаз анықталмай отыр. Ал тұрғындар бойынша 23 мың тонна қатты отын қажет. Алдағы маусымға жеке тұрғындарға кәсіпкерлер 13500 тонна шұбаркөл көмірін қоймаға жеткізіп отыр. Қазіргі таңда қатты отынның тоннасын ЖК «Жаңа тас» 18400 теңгеден таразы арқылы сатуда. Кәсіпкер мен «Шұбаркөл» АҚ-ны арасында 54000 тонна тас көмір алуға келісімшарт жасалды, – деді Ғ.Аманжолов.
Онан кейін сөз алған Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова білім беру нысандарының жылу маусымына дайындығы туралы баяндады.
– Білім бөліміне қарасты 62 нысан бар. Білім беру мекемелерінде қатты отын толық жеткілікті. Сұйық отынмен 8 мектеп жылытылады. ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен 2023 жылдың 12 сәуірінен бастап, бензиннің, дизель отынының бағасының көтерілуіне байланысты айырмашылығы есептелді. 8 мектепке 11 дана қазандыққа бюджеттік өтінім берілді. Қосымша электр тогін қамтамасыз ететін генераторлар толық жұмыс істеп тұр. Көгілдір отынмен жылытылатын нысандарда мәселе жоқ. №46, №157 мектептердің бу қазандықтарын газға ­ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша №252 мектеп, «Балауса», «Раушан» балабақшаларының бу қазандықтарын газға ауыстыру үшін тиісті қаржылары бөлінді. Жаңадан салынып жатқан №207 орта мектептің жоба сметалық құжаты бойынша мектеп ғимаратын сұйық отынмен жылыту көзделсе, қосымша газбен жылыту үшін қондырғылары қойылатын болды, – деді сала басшысы.

Г.ДҮЙСЕБАЙ
22 тамыз 2023 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930