1294 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Ауданда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 2023 жылдың алты айында демеушілер есебінен «Наурыз шапағаты» мерекесіне орай 238 отбасына азық-түлік, тұрмыс жағдайларына байланысты 3 отбасына қаржылай көмектер көрсетілген.
Мамыр мерекесі аясында 32 отбасына азық-түліктей, 5 отбасына отбасы мүшесінің денсаулықтарына байланысты қаржылай көмек беріліпті.
1 маусым балаларды қорғау мерекесіне байланысты 306 отбасына азық-түлік, 406 балаға әртүрлі мерекелік сый-сияпаттар табысталыпты.
Ал, 28 маусым қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде 304 отбасына азық-түліктей қайырымдылық көмектер көрсетіліп, мұқтаж жандарға қолдау жасалған..
Жалпы жыл басынан бері әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1294 отбасына қайырымдылық көмектері көрсетілген.