Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда

Ауданда әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда

Биыл Шиелі ауданында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 5 процентті көрсетіп отыр. Бұл нәтижеге жетудің басты сыры халықты жұмыспен қамту орталығының жүйелі жұмысы деуге болады. Себебі орталық арқылы жыл басынан бері 500-нан астам жұмыс іздеуші тікреліп соның 35 проценті бос жұмыс орындарына орналасқан. Сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген азаматтарға 1 млрд 126 млн теңгеден астам қаражат қаралып, 3560 отбасының 18 мыңнан астам мүшесіне 934 млн 245 мың теңге төленген.

Қайырымдылық жұмыстары да ұмыт қалдырылмай, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз мейірімі–қайырымдылық керуені» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылса, жыл басынан 1600-ден астам отбасыға 21 млн. теңге көлемінді түрлі көмектер көрсетілген. Бұл істерден аудандағы өндіріс орындары мен мекемелер де қалыс қалмай, 250-ден астам отбасына еріктілердің тікелей ат салысуының арқасында азық-түлік себеттері үлестіріліпті. Сонымен бірге «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Құрбан айт» мерекесі, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы, «Алтын күз» мерекесі қарсаңында тұрмысы төмен 1400-ден астам отбасыға азық-түлік, тұрмыстық заттар, көмір, мектепке қажетті құралдар көмек ретінде таратылған.

Өскен өңір ақпарат 
26 қараша 2021 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930