Қызылордада 151 176 тұрғын 42500 теңге жәрдемақы алған
Басқарманың хабарлауынша, ағымдағы жылдың І тоқсанына облыс бойынша аз қамтылған 8355 отбасына (44460 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді.
ІІ тоқсанға 8342 отбасына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау автоматты түрде ұзартылды. Сәуір айының төлемі мамыр айының 5-нен бастап төленеді.
Төтенше жағдай кезеңінде облыс бойынша 60 310 халықтың жекелеген санаттары азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Азық-түлік және тұрмыстық жиынтығы ақшалай түрде республикалық бюджет қаражаты есебінен 1 адамға 5 567 теңгеден жалпы сомасы 335,7 млн. теңге көлемінде жүргізіледі.
Бүгінгі күнге наурыз айы үшін 16647 бала азық-түлік тұрмыстық жиынтықпен қамтылған.
Сәуір айы үшін 42 686 адамға төлем төленді. Оның ішінде:
15 081 – АӘК алушылар қатарындағы 6-18 жасқа дейінгі балаларға;
2258 – 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
20 024 – барлық жастағы 1,2,3 топтағы мүгедектеріне;
2 397 – мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға;
2 926 – уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздарға.
Аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы бірінші траншпен Қызылорда қаласының 6 313 отбасына 50,0 мың теңгеден бір реттік көмек берілді.
Екінші транш бойынша 7796 адамға көмек көрсетілетін болады. Төлем мамыр айының 5-10 аралығында жүргізіледі.
«Birgemiz» қайырымдылық акциясы аясында 19 наурыз – 23 сәуір аралығында 7798 отбасыға 83,6 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық түрінде қайырымдылық көмегі көрсетіліпті.
Төтенше жағдай кезеңінде жұмыстан айрылу жағдайы бойынша электронды түрде 181 891 адамнан әлеуметтік төлемге (42 500 теңге) өтініш қабылданып, 151 176 адамға (83,1%) 42 500 теңгеден 6 424, 9 млн. теңгеге төлем төленді.