Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтардың өтініштерімен - жұмыс басты назарда

Азаматтардың өтініштерімен - жұмыс басты назарда

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік органдар тарапынан барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөлімімен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, жеке және заңды тұлға өкілдерін жеке мәселелерімен қабылдау жүргізіледі. 2020 жылдың I жартыжылдығында басшылықтың қабылдауына жазылған азаматтарды толық қамту мақсатында бірнеше рет қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Сонымен бірге, елімізде жарияланған карантин жағдайында да азаматтардың  «Аудан әкімдігінің веб-порталы», «Аудан әкімінің блогы», «Онлайн» форматында келіп түскен өтініштері қараласа,  әлеуметтік желідегі «Facebook», «Instagram» желілері арқылы да өтініш білдіру мүмкіндігі қарастырылған.
2020 жылдың 18 наурыз күні Елбасы, «Nur Otan»партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына орай «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында елімізде короновирустық инфекциясының таралуына байланысты іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы бастау алды.
Акция мақсаты- көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жалғызбасты ардагерлерді азық-түлік пен медициналық маскалар және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету. Осыған орай Шиелі ауданы  бойынша аз қамтылған тұрмысы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты қарттар арасынан қолдауға мұқтаж отбасылар тізімі жасакталып, кент және ауылдық округтердегі 295 отбасына 4 млн 425 мың теңгеге азық-түлік және басқа да қажетті заттармен  көмек көрсетілді.
         «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы тарапынан төтенше жағдайға байланысты 80 отбасына 10500 теңгеге азық-түлік түрінде 840000 теңге, ауданымызды тумасы Н.Қоянбаев 32 отбасына-15000 теңгеге 480000 теңге, аудан азаматтарының қолдауымен 250 отбасына-15600 теңгеге (азық-түлік) 390000 теңге, «Дорстрой» ЖШС-нің директоры (С.Ербулатов)  демеушілігімен 200 отбасына 10000 теңгенің азық-түлігі 2000000 теңге, РУ-6 ЖШС-і 70 отбасына 16700 теңгеден барлығы 1169,0 мың теңгеге, ауылдық округтер бойынша 458 отбасына 10000 теңгеден 4580,0 мың теңгеге азық-түліктей, қайырымдылық шарасы аясында 1200 отбасына 9 тонна қырыққабат 504,0 мыңға таратылды. Төтенше жағдайлар бөлімі 5 отбасына 15000 теңгеден барлығы 75,0 мың теңгеге көмек көрсетті. Аудан кәсіпкерлері төтенше жағдай уақытында 30 отбасына барлығы 366,0 мың теңгеге азық-түліктей, сонымен қатар аудандық ауруханаға 784,0 мың теңгеге көмек көрсетті. Төтенше жағдай кезеңі аралығында азаматтардың жекелеген санаттарына (АӘК алушы отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балалар, жұмыссыздар, барлық топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, зейнеткерлік жастағы мүгедектер) азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларын қамтамасыз ету бағытында 7307 азаматтарға 94655,9 мың теңге төленді. «Birgemiz» қоғамдық қорының демеушілік қаражаты есебінен 1600 отбасына 50,0 мың теңгеден барлығы 80000,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы аудан бойынша 11527 отбасына 193778,9 мың теңгеге көмектер көрсетілді.
         Бүгінгі таңда елімізде қауіпті індеттің алдын-алу мақсатында жарияланған карантин жағдайында басшылықтың қабылдауына жазылған азаматтардың санының артуына байланысты ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қашықтықтан қабылдау жүргізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының бірыңғай онлайн-қабылдау күндері кестесі бекітіліп, тиісті түсіндірме ақпарат аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылатын болады.
               
Шиелі ауданының әкімдігі
29 шілде 2020 ж. 476 0