Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕПУТАТ БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

ДЕПУТАТ БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК


Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы БАҚ өкілдеріне депутаттық мандатын алған кезеңнен бастап атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді.
Ауданда шешімін таппай тұрған немесе шешілуі керек өткір де өзекті мәселелер жоқ емес. Ал бұл маңызды істердің атқарылуына, түйінінің тарқатылуына мұрындық бола алатын кәсіби деңгейдегі парасат-пайым иелері – депутаттар екені баршамызға мәлім.
«AMANAT» партиясы қызметінің саяси Тұғырнамасына сәйкес бүгінгі таңда нақты да бір әлеуметтік топтармен жүргізілетін жұмыстар түбегейлі түрде жаңарып, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына, көрнекті нәтижелерге сүйене отырып құрылған. Осы орайда, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының атқарар рөлі артып отыр. Фракция мүшелерінің алдында тұрған маңызы зор міндеттің бірі – партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға атсалысу. Алғашқы күннен бастап сайлаушыларға берген уәделердің орындалу тетігі қарастырылған сайлауалды бағдарламаны іске асыру мәселесі баса назарда. Жол картасы бағдарламаны іс жүзінде тиімді іске асыру үшін «Аймақ экономикасын дамыту», «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыру», «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау» және «Экологиялық жағдайды жақсарту» секілді бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар мен көрсеткіштер ескерілген.
Әрбір депутат – халықтың сенімінен шығу үшін барын салады деп ойлаймын. Мен де өз сайлауалды бағдарламамда шешілуі тиіс бірқатар маңызы бар істерге тоқталдым. Солардың бірі – 2024- 2025 жылдар аралығында №4 «ӘлФараби» сайлау округіне қарасты аумақты электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялауға ықпал ету. Сондай-ақ сайлау округіне қарасты аумақтарда аяқ су мәселесінің шешімін табу да жоспарда бар. Бұдан бөлек, Шиелі кентінде орталықтандырылған кәріз су жүйелерін жүргізуге, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуге, сайлау округіне қарасты аумақтарға жаяу жүргіншілер жолдары, көше шамдары, жолдарды жөндеу жұмыстарына ықпал жасауды да назардан тыс қалдырған жоқпын. Ал сайлауалды бағдарламаммен әрбір тұрғын әлеуметтік парақшамнан немесе басқа да ақпарат құралдарынан оқып танысты деп ойлаймын.
Депутаттық мандат – үлкен жауапкершілікке жетелейді. Жалпы депутат болу үшін – әділдік, іскерлік, адамгершілік қасиеттер жоғары болу керек деп ойлаймын. Ең бастысы – өзіңе жүктелген міндетті сезініп, оны ойдағыдай алып шығу керек. Бүгінге дейін екі рет қабылдау жүргіздім. Бірінші қабылдау – «AMANAT» партиясының фракция мүшесі ретінде, екінші қабылдау – шілде айының төртінші жұлдызында аудандық мәслихат ғимаратында өтті. Тұрғындар көбінесе денсаулық мәселесін жиі қозғайды. Сонымен қатар, көбісі мүгедектікке байланысты мәселенің шешілуін сұрайды. Халықтың ішінде тұрғын үй мәселесін де қозғап келетіндер баршылық. Бұдан бөлек, жеке бас жұмысын айтып, шағымданатындар да жоқ емес. Әрине, депутат – бұқара мен билік арасындағы алтын көпір болғандықтан, мәселелердің шешімін табуға күш саламыз. Өздеріңіз білетіндей, жол мәселесі – бүгінгі тұрғындардың көкейтесті сұрақтарының бірі. Мырзахметов, Иманбеков, Базарбаев, Едігеев, Ердешбаев, Нұртазаев көшелеріне асфальт салынып аяқталып жатыр. Ал алдағы уақытта Әл-Фараби, Досбол Датқа, Дәулеткерей, А.Байтұрсынов, Ы.Жақаев, Абылай хан, Шәкәрім көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, жұмысы басталып та кетті. Жасалып жатқан жұмыстар мен салынған асфальт сапасын жиі тексеру үстіндеміз.
Сонымен қатар, қазіргі таңда бірнеше балалар ойын алаңдары күрделі жөндеуден өтіп, халықтың сұранысы бойынша жыл соңына дейін бірнеше жаңа спорт алаңы мен ойын алаңдары бой көтеретін болады. Тәуелсіздік көшесі бойынан ФОК спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. Биылғы жылы көпбалалы аналарға, жалғызбасты аналарға, әртүрлі санаттарғы ерекше жандарға арнайы салынған Көкшоқы мөлтек ауданынан көпқабатты 4 тұрғын үй берілгелі отыр.
Алдағы уақытты өзіме жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, аудан игілігі мен халықтың сенімінен шығуға аянбай енбек етуге дайынмын..
28 шілде 2023 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930