Бардан бар жасауға машықтанайық
Жердің бетін тырмалап, астын қазып, байлықты тонналап алмай тұрғанда, қазақ әуелі төрттүліктің ырзығымен күн көрді. Жесе – тамақ, кисе – киім, тоңса – жамылғы, үйі де киізден болатын. Ең өкініштісі, бұл күнде төрттүлік тек тамақтан өтер ас қана. Бұл мәселені айтқан соң, Сыр қазағына азықтың һәм кәсіптің негізгі көзі болған қауын-қарбызды қалай ұмыт қалдырасың. Себебі Шиелінің күріштен кейінгі брендіне айналған бұл өнім түрлері нарықтан жаймен шетке ысырыла бастады. Жауыр болған тақырып. Сонда да тағы бір қайтара жазсақ деп едік. Халық үніне құлақ асатын үкіметтің назарын аудару мақсатында.
Қой жүні қайтсек қор болмайды?
Әлқисса. Өзбекстан ««Hyundai», «Kia», «Toyota» компанияларына былғары жабын тігетін «JM» компаниясына тері жеткізетін болды» дегенді көзіміз шалып қалды. Ал біз тері-жүнді қоқысқа тастап, өртейміз. Тоқ етерін айтқанда, елімізде әдемі тон, сапалы аяқ-киім дайындайтын тері мәселесі қордаланып қалды. Өзіміздің қолдан келетін істі пайдаға асырмай, өзге елдің нарығына көз сүзіп, сапалы теріні сол жақтан алуға мәжбүрміз. Бәлки, «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегенге саяды бұл.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалануымыз керек» деген болатын. Бұл мәселеге осы қой жүні де кіруі керек. Себебі жылдар бойы жыр болған жүн жыры бір арнаға келер емес. Бір ғана мысал, осыдан 13 жыл бұрын нақты айтсақ, 1990 жылдың ақпан айында «ҚазАгро» ұлттық холдингінің сол уақыттағы басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков: «Теріні біз қазір-ақ сатып алуға дайынбыз. Ал жүнге келетін болсақ, 1990 жылдары бізде 63 мың тонна биязы жүн шығарылатын болса, қазір оның мөлшері 7 мыңның ар жақ-бер жағында. Яғни, бұл сала 9 есеге құлдырап отыр. Оның үстіне қазір нарықта синтепон сияқты қылшықтан дайындалған материалдар қаптап кетті. Көңілге медеу болатын бір мәселе – соңғы уақытта табиғи түрде жылу беретін материалдарға деген сұраныс артып келеді» деген болатын.
«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, сол уақыттан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінде бірнеше министр, «ҚазАгро» ұлттық холдингінде талай ауыс-түйіс болды. Әлі сол бітпейтін жыр. Қор болған қой жүнін осы күнге дейін кәдеге жаратудың жолын таппай әлекпіз.
Оған сенатор Мұхтар Жұмағазиевтің төмендегі сөзі дәлел.
Бүгінде ең жақсы терілердің басым көпшілігі Шымкент жақтан келеді. Басқа жерде тері бағасы 10 доллар болса, Шымкентте – 20 доллар. Бұл Шымкенттегі ағайындардың қолдағы барды ұқсатуға тырысқан жанкешті әрекетінің нәтижесі болса керек. Қазір Өзбекстанның терілері Қытайда 50 долларға сатылса, біздің терінің бағасы 30-35 доллардан аспайды. Қалыпты терілер 10-15 доллардан сатылып жатыр.
Қазақстан бойынша ең үлкен кәсіпорын – жылына 1,5 млн ірі қараның терісін өңдейтін қуаты бар Алматы тері өңдеу зауыты екен. Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен зауыттың бірі болып табылады. Екібастұз, Петропавл, Семей, Шымкент, Қордай мен Арқалықта зауыттар бар. Таразда бұрынғы аяқкиім шығаратын фабриканың құрамында болған зауыт қазір дербес кәсіпорын болды. Ақтөбе, Оралдағы зауыттар бір істеп, бір тоқтап жүр. Нақты жұмыс істеп тұрғаны – осы 7 зауыт.
Қоса кеткен жөн, Аустралия әлемдік нарыққа жүннің 1 килосын 18 доллардан өткізеді. Аталған мемлекет ондаған жылдар бойы әлемдегі жүн көлемінің шамамен 25 процентін өндіріп келеді. Сонда жыл сайын 3 млрд доллардан астам сомаға өнім шығарып отыр.
Қой өсіріп, көл-көсір пайда табамын деген шаруаның бүгінгі көрген күні осы. Жүн өндірісінің бір тетігін таба алар емеспіз. Алда – қой қырқымы. Бірақ сол өнімді тағы өртейміз бе? Олай еткіміз келмесе, тері-жүн мәселесінде өзбек пен түріктердің тәжірибесін зерделей отырып, өндіріске енгізудің уақыты келгендей. Ауылшаруашылық өніміне сұраныс артса, ұсыныс та өздігінен басым болады. Бұл нарық заңы.
Күріштен кейінгі бренд еді…
Сонау Кеңес одағы кезінде Шиелі ауданында ірі қауын базасы болған деседі ақсақалдар. Сол жылдары бақшашылар әңгелек, ақ жәмбілше, колхозшы, әміре, қара күләбі мен торлама, саржауын аудан орталығында орналасқан теміржол бойындағы аталған ірі қауын базасына өткізген екен. Тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендіру кезінде бұл орындар ескерусіз қалып, жұмысын тоқтатқан. Тоқтатқаны мұң екен, Шиелінің күріштен кейінгі брендіне айналған қауындар нарықтан жаймен шетке ысырыла бастады. Күздік қауын сорттары Қызылорда облысымен қатар Түркіменстандағы Шаржоу, Өзбекстандағы Хорезм аймақтарында ғана өсіріледі екен. Алайда аталған өнімнің Отаны бола тұра, соңғы уақытта дәмі тіл үйірер қауындарды кездестіру қиындап кетті. Осыған байланысты әріптесіміз Гүлхан Яхия аудандағы ахуалға алаңдаушылық танытып, газет бетін талай шимайлады. Бірақ дәмі бал татып, таңдайдан кетпейтін Шиелінің қауыны нарықта қара көрсетпей барады. Базар маңын жағаласақ, Түркістан, Жетісайдың қауындары толып тұрады.
Бірақ жауапты бөлім тарапынан әлі күнге дейін жауап жоқ! Әншейінде әлдебіреулер әкімдік назарына деп желіні шулата бірнәрсе шимайласа жанұшыра жауап беріп жататын жауаптылар журналистердің көтерген мәселесін қашан назарға алады?

«Елімізде 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қой өсірумен айналысады. Ал жүн өңдейтін 13 зауыт қана бар. Оның төртеуі ғана жүнді қайта өңдеудің толық циклімен айналысады. Яғни, таралған жүнді немесе дайын өнімді өндіре отырып, биязы жүнді қайта өңдеу мүмкіндігі бар. Қалған кәсіпорындар – киізден және қылшықты жүннен илеп аяқкиім шығаратын фабрикалар. Демек, Қазақстанда жүннің терең өңделуі іс жүзінде тек киіз илеу өндірісімен ғана шектеледі», – дейді сенатор.
Бүгінде ең жақсы терілердің басым көпшілігі Шымкент жақтан келеді. Басқа жерде тері бағасы 10 доллар болса, Шымкентте – 20 доллар. Бұл Шымкенттегі ағайындардың қолдағы барды ұқсатуға тырысқан жанкешті әрекетінің нәтижесі болса керек. Қазір Өзбекстанның терілері Қытайда 50 долларға сатылса, біздің терінің бағасы 30-35 доллардан аспайды. Қалыпты терілер 10-15 доллардан сатылып жатыр.
Қазақстан бойынша ең үлкен кәсіпорын – жылына 1,5 млн ірі қараның терісін өңдейтін қуаты бар Алматы тері өңдеу зауыты екен. Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен зауыттың бірі болып табылады. Екібастұз, Петропавл, Семей, Шымкент, Қордай мен Арқалықта зауыттар бар. Таразда бұрынғы аяқкиім шығаратын фабриканың құрамында болған зауыт қазір дербес кәсіпорын болды. Ақтөбе, Оралдағы зауыттар бір істеп, бір тоқтап жүр. Нақты жұмыс істеп тұрғаны – осы 7 зауыт.
Қоса кеткен жөн, Аустралия әлемдік нарыққа жүннің 1 килосын 18 доллардан өткізеді. Аталған мемлекет ондаған жылдар бойы әлемдегі жүн көлемінің шамамен 25 процентін өндіріп келеді. Сонда жыл сайын 3 млрд доллардан астам сомаға өнім шығарып отыр.
«Отандық алыпсатарлар биязы қой жүнінің 1 килосын 100-150 теңгеден қабылдайды. Мұндай бағамен жүн тапсыру шаруаға тиімсіз. Қой қырқу науқаны кезінде шаруа жұмыскерді жалдау үшін қойдың бір басына шамамен 300-500 теңге жұмсайды. Осыдан кейін жүнді өткізу жолдарын іздестіреді. Соңында жүнді өртеп тынады», – дейді сенатор Мұхтар Жұмағазиев.
Қой өсіріп, көл-көсір пайда табамын деген шаруаның бүгінгі көрген күні осы. Жүн өндірісінің бір тетігін таба алар емеспіз. Алда – қой қырқымы. Бірақ сол өнімді тағы өртейміз бе? Олай еткіміз келмесе, тері-жүн мәселесінде өзбек пен түріктердің тәжірибесін зерделей отырып, өндіріске енгізудің уақыты келгендей. Ауылшаруашылық өніміне сұраныс артса, ұсыныс та өздігінен басым болады. Бұл нарық заңы.
Күріштен кейінгі бренд еді…
Сонау Кеңес одағы кезінде Шиелі ауданында ірі қауын базасы болған деседі ақсақалдар. Сол жылдары бақшашылар әңгелек, ақ жәмбілше, колхозшы, әміре, қара күләбі мен торлама, саржауын аудан орталығында орналасқан теміржол бойындағы аталған ірі қауын базасына өткізген екен. Тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендіру кезінде бұл орындар ескерусіз қалып, жұмысын тоқтатқан. Тоқтатқаны мұң екен, Шиелінің күріштен кейінгі брендіне айналған қауындар нарықтан жаймен шетке ысырыла бастады. Күздік қауын сорттары Қызылорда облысымен қатар Түркіменстандағы Шаржоу, Өзбекстандағы Хорезм аймақтарында ғана өсіріледі екен. Алайда аталған өнімнің Отаны бола тұра, соңғы уақытта дәмі тіл үйірер қауындарды кездестіру қиындап кетті. Осыған байланысты әріптесіміз Гүлхан Яхия аудандағы ахуалға алаңдаушылық танытып, газет бетін талай шимайлады. Бірақ дәмі бал татып, таңдайдан кетпейтін Шиелінің қауыны нарықта қара көрсетпей барады. Базар маңын жағаласақ, Түркістан, Жетісайдың қауындары толып тұрады.
«Өзбек атқарушы билігі диқандарының бақша өнімдерін әскери аэродромдар арқылы Ресей нарығына, федерацияның түрлі қалаларына жылдам жеткізуді жолға қойған дейді. Біздің диқандар Ресей түгілі мынау тұрған Қарағандыға, солтүстік облыстарға өнімдерін жеткізе алмай тасжол жағалап, жабайы сауда жүйесінен шыға алмай жүйкелеп жүргеніне жаның ауырады. Әкімдіктер жанындағы кәсіпкерлік бөлімдері Қазақстанның солтүстік облыстары мен Ресей Федерациясының іргелес қалаларындағы әріптестерімен іскерлік байланыс орнатып, сол жақтың ірі сауда орындары, орталықтарымен, белді кәсіпкерлерімен бақша өнімдерін жеткізу, өткізу мәселесін неге пысықтамайды? Диқан, шаруа өндірген өнімін қайда, қалай өткіземін деп тіпті басын ауыртпайтын жағдайды неге жасай алмай келеміз? Бізде кәсіп ашылды, шаруашылық құрылды, саны пәлен-түген деген ақпардан артық ештеңе жоқ. Сан қуамыз, сапа нөл. Сол құрылған шаруашылық, кәсіпкерлік ары қарай ісін қалай жүргізіп жатыр? Диқан еккен егінін қайда, қалай өткізгелі жүр? Малшы етін, сүтін, тері-жүнін нарыққа қалай пұлдамақ? Осы сұрақтарға басын ауыртатын бір жауапты орган бар ма бізде?
Біздің аймақ ауылшаруашылық оның ішінде егіншілікті, бақташылықты жолға қойған. Ірі шаруашылық құрылымдарының өз инвесторлары бар. Олар өнімдерін қайда өткіземін деп басын ауырта бермейді. Тиісінше әкімдіктердегі жауапты бөлімдер де осындай қожалықтардың жүйеленген жұмыс нәтижелерін есеп-қисабына енгізуден, сол арқылы жоғарыға ақпар беруден әріге аспайды. Ал шағын шаруақожалықтар, диқандарға, бақташылардың мәселесіне кім жауапты? Аудан әкімдіктеріндегі кәсіпкерлік бөлімдерінің жұмыс ережесін, бағыт-бағдарын қайта қарайтын, түзейтін уақыт келген сыңайлы. Әйтпесе, біздегі бөлімдер кеңесшіліктен әріге аспайтын жұмыстың айналасынан ұзай алмай жүргендей көрінеді көпшілікке. Шаруақожалық болсын, диқан, малшы, бақташы болсын ол – кәсіпкер! Кәсіпкердің ең бірінші мәселесі – өнімін нарыққа шығару. Сол өнімді нарыққа шығаруға, басқа облыстармен байланыс орнатуға жауапты бөлім болуы керек немесе жаңадан құрылуы керек. Бір сөзбен айтқанда, баяғы қауынбаздардың жұмысын қайта қолға алып, жүйелі түрде жолға қою керек. Осылайша ел бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деп жазды газет редакторы Нұрболат Пірімбет.