Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті

Шиеліде отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті




Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткізілді.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов ашып беріп, отбасылық құндылықтарды насихаттау, елдің келешегі – балалардың аман, салауатты, білімді болып өсуіне кепілдік беру мақсатында түрлі бағытта жұмыстары туралы баяндады.

Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруда рухани – адамгершіліктің бастауы. Отбасының амандығы, толықтығы мен тыныштығы, ауызбіршілігі мен сыйластығы, үйлесімділігі – еліміздің дамуы мен жарқын болашағының көрінісі.

Елімізде әр саладағы әйелдердің үлесін арттыру үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары да жүргізіліп келеді. Оған дәлел – Мемлекеттік маңызы бар құжат қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатындағы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы.

Комиссия отырысының күн тәртібінде білім саласы бойынша жастар арасындағы ертежүктілік, суицид мәселелері, ерлердің әйелдерге қатысты күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары, Керделі ауылдық округіндегі әйелдер кеңесінің атқарылған жұмыстары, әлеуметтік көмек алушылар бойынша атқарылған жұмыстары туралы айтылды.
16 мамыр 2023 ж. 206 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031