Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәзік жандыларды қолдау назардан тыс қалған емес

Нәзік жандыларды қолдау назардан тыс қалған емес

Қазақстанда әр саладағы әйелдердің үлесін арттыру үшін мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар атқарылуда. Оған дәлел - мемлекет тарапынан қабылданған «2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» Онда, еліміздің нәзік жандыларына көмек көрсетіп, қолдау шаралары жан жақты қарастырылған.
Сонымен қатар, қоғамдағы қыз баланың тәрбиесі бағытындағы жұмыстар да мемлекет деңгейінде жүргізілуіне баса назар аударылып отыр. Осы ретте алдағы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат ұлттық комиссиясы әйелдер теңдігі мәселесі негізінде қоғамдығы қыз баланың отбасылық өмірге үйрететін іргелі істердің бастамасына негіз салса нұр үстіне нұр болмақ.  Ал, бұл салалардағы қызмет сатысымен көтерілген әйелдер қауымының басшылыққа келуі қалыпты құбылыс. Алайда олар, отбасы бірлігі мен татулығын, бала тәрбиесінің жауапкершілігін де ұмытпақ емес.
Біздің қоғам осындай жан-жақты дамыған, білімді нәзік жандыларды қолдауды ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Бұл біздің мемлекеттік саясаттың тағы бір үлгі тұтар тұсы.

 Шиелі аудандық сотының
 бас маман-сот отырысының
 хатшысы Г.Косжанова
16 маусым 2021 ж. 543 0