Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігі бекем, тірлігі келісті әулет

Бірлігі бекем, тірлігі келісті әулет




15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл датаны қазақстандықтар әр жыл сайын ерекше атап өтуді үрдіске айналдырған. Ал біз «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөздің мағынасына терең бойлайтын болсақ, оның ең қымбат байлық, татулықтың, сыйластықтың айнасы екенін түсінеміз. Бүгінде көпке үлгі болып, тамырын тереңге жайып, шағын ғана мемлекеттің шырайын келтіріп, шаттыққа кенеліп отырған отбасылар көп-ақ. Солардың бірі – Әбдірашевтер әулеті.

Әбдірашевтер әулетін аудан халқы жақсы біледі. Бұл отбасы көпке үлгі болып отырған жанұялардың қатарында. Себебі Жұмабек көке мен Шынархан ападан тараған ұрпақ бүгінде тірлігі келіскен, бірлігі жарасқан әулетке айналған. «Халық айтса, қалып айтпайды» деген сөз бар емес пе? Олай болса, халықтың ықыласына бөленіп, ел сүйсіне қарап, ауыз толтырып айтатын, үйіне қонақ болып барғандар бір марқайып қайтатын мәуелі бәйтерек иелерін ¬Отбасы күні мерекесі қарсаңында біз де мақаламызға арқау етуді жөн көрдік. 

«Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» демекші, Жұмабек ағаның өзі өмірден өтсе де, артынан өшпестей мұра қалдырды. Ұзақ жылдар бойы «Арғымақ» ЖШС мекемесінде көлік жүргізушісі болған кейіпкеріміз ғұмырының соңына дейін қарапайым қалпымен ел есінде қалды. Ал Шынархан апа бүгінде әулеттің ұйытқысына айналып, балаларының аяулысы, келіндерінің ақылшысы, немерелерінің қамқоршысы болып отырған жайы бар. Шынархан Байтұрсынқызы үш ұл, екі қыз тәрбиелеген алтын құрсақты ана. Он сегіз немеренің аяулы әжесі. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған бақытты жан. Оны айналасындағылар білікті маман, өз ісіне жауапты болған білгір есепші деп біледі. Тіпті, Шынархан апа Шиелідегі қаншама жанды есепшілікке баулыған ұстаз болып, талай шәкіртті тәрбиелеген. Ол – «Отбасы» деген киелі ұғымды, үлкен құдірет деп біледі. Шынархан апаның бүгінде үш бірдей келіні бар. Бақытты әже балалары мен немерелерін де жастайынан еңбекке баулыған. Мереке сайын барлық немерелер мен жиендер қара шаңыраққа жиналып, әжелеріне арнайы келеді. Отбасы толық жиналғанда үй іші думанға толады. Немерелері мен шөберелері әжесімен ән айтып, тыңдаушылардың делебесін қоздырады. Иә, расында ынтымағы жарасқан Әбдірашевтер отбасының көрсетер өнегесі мол.

Отбасы – жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарасты, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. 
Ынтымағы жарасқан бұл отбасында екі келін еншілерін алып, бөлек шықса да тату-тәтті өмір сүріп, балалары жиі бір дастархан басында бас қосады. Ал Шынархан апаның кенже келіні қара шаңырақтың түтінін түтетіп отыр. «Абысын тату болса, ас көп, Ағайын тату болса, ат көп» демекші, абысынды-келіндерді көргенде шын қуанасың. Бір үйдің қыздарындай тату-тәтті. 

Осындай өнегелі ұл мен тәрбиелі қыз өсірген отбасылар қатары көбейген сайын қазақтың мәртебесі биіктей беретініне біз қашанда сенімдіміз. Тамыры тереңге кеткен бәйтерек сынды үлкен әулеттің тыныс-тіршілігі, сыйластығы, балаларына көрсеткен өнегесінің ұмытылмас ұлағатын көруге болады. Міне, татулығымен тартымды болып отырған Әбдірашевтер әулетінің бүгінгі жай-күйі осындай. 
Барлық отбасы осындай болса, еліміздің іргесі де әрдайым мықты болмақ. Ендеше, махаббатқа толы жылы әлемдерінде бақытты әрі тату-тәтті өмір сүріп жатқан, берекесі мен бірлігі жарасқан шаңырақтан шаттық кетпесін деп тілейміз!
15 мамыр 2023 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031