Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Ұлы Отан соғысынан аман қайтқан майдангердің көбі елге ауыр жарақатпен оралды. Денесіне кірген жиденіңтікені емес, қорғасыннан құйылған оқ екенін еске алсақ, ерлік жасайтын ер азаматтарымызға тәнті болмасаңызға шара жоқ. Соғыста сондай ерлігімен көзге түскен ауылдан шыққан аңшы жігіт – Жақыпбек Жантұрсынов болатын.
Оның жас кезіндегі құралайды көзге атқан мергендігі соғыста көп пайдасын тигізеді. Кезекті бір майдан шайқасында оқ жаңбырдай жауып тұрады. Фашистердің жасағы лап бергенде бір бөренені тасалап тұрып, екі неміс жауынгеріне оқ жаудырып, екеуін де қалпақтай атып түсіреді. Мен көп жылдардан бері соғыс ардагерлері туралы мақала жазып келемін. Солардың дені осы Жақыпбектей жаумен бетпе-бет келгендерін естеріне түсіре алмай жататын.
Жақыпбек Жантұрсынов 1909 жылы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Бала кезінен отбасын, ағайын-туыстарын қоян, қырғауыл атып , «Ащакөл» маңынан балық аулап асыраған. 1936 жылы Сейленкүл Тұрғанбайқызымен тұрмыс құрып, үйлі-баранды болады. Құрғыр соғыс қызып тұрған 1943 жылы ақпан айында әскер қатарына шақырылды. Укромна майданында бір ай дайындықтан өткен Ж.Жантұрсынов №187-ші атқыштар полкінде қатардағы жауынгер ретінде соғысқа араласады. Жоғарыда айтқанымыздан бөлек ол мергендігімен қаншама фашистерді жер жастандырды. Қазақтың батыл жауынгері Днепр өзенінен өтуге, Украинаның Николаев, Одесса, Тернопель қалаларын азат етуге қатысады. 1943 жылы тоғыз жерінен ауыр жараланған Ж.Жантұрсынов госпитальда емделіп, ота жасатып, соңында жарақатына байланысты әскер қатарынан босатылды. Басына оқ тиген Жақыпбек көкеміз 1-ші топтағы мүгедектер қатарына ілігіп, соғыстан аман қалғанына шүкіршілік етеді.
Ауылда колхоздың қойын бағып, бала-шағасын асырайды. Ол соғыстан оралғанда көптеген орден, медальдары болған екен. Солардан сақталып қалғаны «1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені болып шықты. Жақыпбек Жантұрсынов қоғам малын бағуда көп шопандардың бірі болмаған. Қарамағындағы әр 100 саулықтан 130 бастан төл алып, құрметті Шопан атағына ие болды. Тағдырдың басқа салған тауқыметін ер адам ғана көтере алса керек. Соғыстағы ерлігі, бейбіт жылдарда көрген бейнеті, бастан алған ауыр жарақаты жан азабына айналған ауыртпалықтарды батырларша көтеріп, 1991 жылы 18 ақпанда дүниеден озды. 8 қыз, 1 ұлынан немере, шөбере сүйді.
Соғыс зардабын сол заманда өмір сүрген аталарымыз бен әжелеріміз, тылда еңбек еткен ұрпақтары шекті. Адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген сұм соғыс, 1418 күнге созылған қанды қырғынның аяқталып бейбіт заманда, қауіп-қатерсіз өмір кешіп жатқанымызға биыл 78 жыл болады. Қазақ бабамыз «Артында бар оңалар» деп кеткен . Сондай-ақ осы жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан небір ерліктер жасап кеудесін орден, медальдар жауып тұратын ағаларымыз ескерусіз қалғаны, артында іздеушісі болмаған соң ұмыт болғандары әрине, өкінішті. Бүгінгі кейіпкеріміз Жақыпбек Жантұрсынов туралы да кеш мәлімет алып отырмыз. Оған да жақсылықтың ерте-кеші жоқ деген жауап даяр.
Майдангерлер оқ пен от арасында жүріп, Отанын жаудан қорғады, ұрпақтарына өмір сыйлады. Оларға көше атауын қимай, қызғаныш таныту адамдығымызға сын. Реті келсе, заң тұрғысында шешім қабылданып жатса, марқұм майдангерлердің әруақтары разы болып, бір аунап түсері хақ. Біз қашанда ел мен жердің тәуелсіздігі үшін шейіт болған боздақтарымыздың алдында құрметпен бас иеміз. Елі мен халқының бостандығы, бақытты болашағы жолында құрбан болған майдан батырлары, елге келіп дүниеден өткен соғыс жауынгерлері ұрпақтар жадында мәңгі сақталуы тиіс. Ұлы Жеңісі бізге солар арқылы жетті. Олар жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуді, қиын жағдайда ынтымақты болуды үйретіп кетті.