Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Семізбай-U» ЖШС-де 200-ден аса адам еңбек етеді

«Семізбай-U» ЖШС-де 200-ден аса адам еңбек етеді




Елімізде уран өндіретін ­санаулы кеніштердің бірі саналатын «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл кеніші Шиелі ауданынан 30 шақырым жерде орналасқан. Он бес жыл бойы тынымсыз тіршілік етіп келе жатқан ұжымда қазір 200-ден аса адам еңбек етеді.

«Иіркөл» кенішінің басты міндеті – кен айдайтын және кері айдайтын ұңғымалар жүйесі арқылы, ұңғымен жер астына сілтілендіру тәсілімен уран тотығын өндіру. Арнайы химиялық реагент сұйық түрде кері айдайтын ұңғымалар арқылы кен аймағына беріледі. Жер астында кен қабаты тотығады. Белгілі бір уақыттан кейін уран тотығымен байытылған ерітінді, кері айдайтын ұңғымалармен шығарылады. Сөйтіп әрі қарай өнімді ерітінді қайта өңдеу цехына жіберіледі. Міне, осындай жұмыстың жүйелі жүзеге асуы жұмысшылардың өз ісіне деген жауапкершілігімен тікелей байланысты.

Тап осы ауыр міндетті арқалаған ұжым қоғамдық жұмыстарға да белсенді. Әсіресе мұнда мереке, атаулы күндерді ерекше тойлауға мән береді. Жуырда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған тағы да бір тағылымды кештің куәсі болдық.
Жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні Халықаралық еңбек ұйымы алдында тұрған өзекті мәселелерге арналып, әртүрлі тақырыптармен өтеді. Биылғы жылдың тақырыбы «Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы – еңбек саласындағы негізгі қағида және құқық» деп жарияланды.

Осыған орай, Иіркөл кенішінде қауіпсіздікті қамтамассыз етіп, қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында бөлімшелер арасында «Ұжымда қауіпсіздік менен ¬басталады» тақырыбында бейнеролик түсіру сайысы ұйымдастырылды. Онымен қоса ұжым қызметкерлері балаларының арасында «Мен қауіпсіз болашақты таңдаймын» атты сурет салу сайысы өтті. Сайысқа ұсынылған шығармашылық жұмыстар арнайы құрылған коммиссия ¬отырысында қаралды. Ал жеңімпаздар салтанатты жиында марапатталды. Шараға аудан ардагерлері, мекеме ұжымы мен сайысқа қатысушылар және БАҚ өкілдері жиналды. 

«Елдің ертеңгі сенімі  жастардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Қазақтың Ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!» деген қанатты сөзін қолдап, жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, тәлім-тәрбие, тәжербие беру мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз», – деді «Semizbai-U» ЖШС «Иіркөл» филиалы мекемесінің басшысы Мұқанбетжан Салқынбаев.

Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил мен сот саласының ардагері Тұрмат Баймағамбетов салтанатты шараға қатысушыларға батасын беріп, сәттілік тіледі.

Одан соң жиналғандар «Ұжымда қауіпсіздік менен басталады» тақырыбында түсірілген бейнероликтерді тамашалады. Сайыс нәтижесінде ІІІ орынды Қ.Жұмаділов жетекшілік ететін «Бас механиктер» иеленсе, ІІ орын Н.Бекжанов басқаратын «Бас энергетиктер қызметіне» бұйырды. Ал ең үздік деп танылған «Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері қызметінің» жігіттері І орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ «Мен қауіпсіз болашақты таңдаймын» атты сурет салу сайысына қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Әрі қарай кеніштің әкімшілік тұрмыстық ғимаратына, өндіріс алаңдарына экскурсия жасалып, естелік суреттерге түсті. Содан соң дәстүр бойынша меймандар ағаш көшеттерін отырғызды.

«Semizbai-U» ЖШС «Иіркөл» филиалының бүгінге дейін жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, мұнда экологиялық тазалыққа ерекше көңіл бөлініп, күн сәулесі арқылы электр энергиясын пайдалану да бір жүйеге келтірілген. Кеншілер қыстың қаһарлы аязына, жаздың аптап ыстығына, ¬дауылды күндерге қарамай, тынымсыз еңбек етіп келеді. Уран жер астынан фонтан болып атқылай салмайды, оны кәдеге жарату үшін қаншама тер төгіледі. Өткен ғасырмен салыстырғанда технология біраз жетілді, десек те кеншілердің жауапкершілігі еш азайған емес. Техникалық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау мен қатар еңбек өнімділігін арттыру міндеті бар.

Олардың еселі еңбегінің нәтижесінде жергілікті бюджетке мол қаржы түсуде, жоғарыда айтқанымыздай қоғамның әлсіз бөлігіне, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетілуде. Жалпы «Семізбай-U» мекемесі әрқашан жақсылықтың жаршысы болуды дәстүрге айналдырған. 
Қазақстан – уранға бай ел. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында оның өндірісін төрт есеге жуық арттырып, әлемдегі көшбасшылық тізгінді қолға ұстап отыр. Демек, уран өндірісі бүгінгі таңдағы біздің әлемдік энергетикалық кеңістіктегі ең басты артықшылығымыз болып есептеледі.
06 мамыр 2023 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930