Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын Серік Қалиев дүниеден өтті

Ақын Серік Қалиев дүниеден өтті


Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті. Бұл туралы журналист Бекен Қайратұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз», делінген жазбада.

Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысына қарасты Амангелді ауылында дүниеге келген.  Ол 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. 

Серік Қалиевтың «Жұлдыз-сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.
28 сәуір 2023 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031