Басықара ата
ХХ-ғасырдың соңғы жылының жаз айы болатын. Алматыдан әйгілі батыр әрі ақын Иманжүсіптің немересі – тарих ғылымының докторы Раушан Көшенова апамыз атамекен Шиеліге келді. Ол кісі дәрігер Болат Күлімбетов екеуімізге Басықара атамыздың жатқан жерін іздеп табуды міндеттеді. Бәріміз аталаспыз. Иманжүсіптің ұрпағы іздеп жүрген Басықара ата кім?
Ататегі Торы Қыпшақ ішінде Малайқұтымнан тарайтын Басықара Сіргебайұлы Сыр еліне әйгілі Тұрғанбай датқаның туған інісі. Тұрғанбай Сыр елін Қоқан хандығы билеп-төстеп тұрған заманда Шиелі жерінде жергілікті билеуші – датқа, осы күнгі тілмен айтқанда әкім болған кісі. Елден түсетін алым-салықтың жиналуына риза болмаған хан ара-тұра жасақ жіберіп елді шауып, құтын қашырады екен.
Иманжүсіптің өмір тарихынан мәлім: Тұрғанбайдың ауылын Қоқан ханының жасағы осындай бір тосыннан шапқан кезде датқаның бәйбішесі Мәлбике өз ұлы Баймырзаны (болашақ Құтпанды, яғни Иманжүсіптің әкесін) және қайнысы Басықараны алып қашып жаудан құтылады. Бірақ елсіз айдалада арып-ашып, шиеттей жас сәбидің екеуін бірдей алып жүруге шамасы келмей, қайсысын жолда қалдырарын тағы білмей дағдарған сәтінде, өлімнен ұят күшті деп қайнысы Басықараны омырауына басады да, өз ұлы Баймырзаны бір Аллаға тапсырып жолда қалдырып, аңырап Арқаны бетке алып кете барады. Бір үйге жетіп, оларға мән-жайды айтып, олар жедел баланы іздеп келсе, қалдырған жерде бала жоқ болып шығады.
Ал сүретін өмірі, келешек тарайтын ұрпағы бар айдалада шырылдап жатқан сәбиді тауып алған керуен оны баласы жоқ Дайрабай деген адамға апарып береді, Баймырза сәби енді Дайрабайұлы Құтпан атанады. Құтпан өз заманында Кенесары жасағында батыр болады, одан тараған ұрпақтың бірі Иманжүсіп Құтпанұлы (Баймырзаұлы) батыр еді. Ал, Тұрғанбай датқаның әйелі Мәлбике шешеміз алып кеткен бала осы Басықара. Бұл оқиға 1820-1825 жылдары Қаратаудың Өгіз мүйіс деген жерінде болыпты.
Басықара шамамен 1817 жылы туылып 1854 жылы өлген. Қаратаудың теріскейінде Ақсүмбе-Ақбикеш деген жерде өмірден қайтқан. Тұрғанбаймен аталас марқұм ақын Арзула Молжігітұлы ағамыздың айтуынша Басықара батыр кейін ағасы Тұрғанбайдың орнына Түркістанда датқа болыпты. Қыпшақ елі қайта-қайта шабылып қиындыққа ұшыраған кездерде Басықара тоқсан үйлі тобырды тарлан атымен аң аулап қиссадағы Қамбар батыр сияқты аңшылықпен асыраған екен.
Ағасы Тұрғанбайды әлі өлтірген жоқ, мол алтын берсе босатады деген алыпқашпа сөзбен інісі Басықара Тәшкен құшбегіне 500 алтын алып барады. Апарған дүниесін алғанымен, оның өзін де түрмеге жауып қояды. Бұл хабарды естіген соң Тұрғанбайдың елдегі жақын інілері Ордабай, Тіленші жан сауғалап, Қоқанға қарамайтын Арқадағы қалың қыпшақты паналауға көшіп бара жатқанда, Сарысу бойында Аққошқар, Сайдалының қарақшылары дүние-мүлкіне бола бала-шағасымен бірге қырып кетеді.
Торы Қыпшақта шешендікпен қазаққа аты шыққан Досбол датқа әрі би өзінің ұсталатыны туралы хабарды Тұрғанбай арқылы естіп, қашып Торғай бойындағы ағайындарға көшіп кетіпті. Сол кездегі атақты Есберген ақын Досболды Торғай бойынан елге шақырап хат жазған екен.
Сырда жатқан Қыпшақтың
Тұрғанбай еді ұстыны.
Тұрғанбайды өрт алып,
Досболға тиді ұшқыны.
Сол ұшқынның зарпынан
Арқаға қашып кеттің-ау,
Торы төбенің босқыны.
Тұрғанбай датқа бастаған Шілік көтерілісі 1820 жылы және 1850 жылы екі рет болған дейді Оразбек Сәрсенбай.Тұрғанбай өлген соң Басықараны босатып оған Тұрғанбайдың дәрежесін берген.
Ресей Сыр бойын, Жетісуды Қоқан хандығынан тартып алған заманда Арқадан елге қайтып келе жатқан Басықара мен оның серігі Тарақты Байзақ екеуінің артына Ресей әскерінің отыз солдатымен Бағаналы Найман аға сұлтан Ерден жүзен түседі. Қаратаудың теріскейінде ұйықтап жатқан жерінде таңертең үстерінен түседі. Бұлар өліспей беріспей, атысып, сол жерде шәһит болды. 1854 жылы болған оқиға көрнекті жазушы жерлесіміз Оразбек Сәрсенбайдың, Тұрғанбай датқаның, Құтпан атаның, Иманжүсіптің өмір тарихына арналған 2013 жылы Қызылордадан шыққан «Азаттық құрбандары» кітабында баяндалған. Басықарамен бірге шәһит болған Тарақты Байзақ Түркістан жақтың адамы болса керек, Шиелідегі тарақтылар солай жобалайды деуші еді Арзулла Молжігітұлы ағам.
1959 жылы Қаратауда қойшы ауылда отырғанда ауылдан екі үлкен кісі үйге келді. Келгендердің үлкенінің аты Өтел, 1885 жылғы, кішісі Ағжан 1915 жылғы болу керек. Әкем Мүсілім Рысбекұлы 1896 жылғы және көрші ағамыз Аймахан Керегенов 1905 жылғы. Осы ағайынды кісілер Тұрғанбай датқаның аталас туысы болатын. Таңсәріден ерте тұрып, атқа қонып төртеуі Ақсүмбеге аталары Басықараның басына барып Құран бағыштап қайтты.
Келген шаруаларын бітіріп, көңілдерін бір демдеп, көрген-білгендерін әңгімелеп отырды. Мен ол кезде жасөспірім бала болсам да олардан естігенімді әлі ұмытқан жоқпын. Атамыз Басықара тек адам емес, басына шырақ жанады екен. Басықара атаның басынан бұлақ ағып, төмендегі жолдасы Байзақтың басына барып жерге сіңетін көрінеді. Жергілікті елді мекендегілер «Қыпшақ әулие» деп басына барып түнеп, тілек тілейді, көтермей жүрген келіндері жүкті болып, сәби сүйеді екен. Кінәсі жоқ, шәһит кеткен, кәпірдің оғынан ажал құшқан атамыз әулие екен деп айтып отырды.
Олар осы әңгімені айтып отырып, дастарқан басында көздеріне жас келіп, өксіп жылап алды...
Иманжүсіптің немересі ғалым Раушан апамыз тапсырған соң «Өскен өңір» газеті редакциясында істейтін журналист ағайын жігіт Таубай Ортаев, Болат Күлімбетов үшеуіміз Басықара атаның қайда жатқанын іздеуге шықтық. Таубай Ортаев жатқан жерін білетінін айтты, мен Ақсүмбе деген жерде болу керек дедім.
Қасиетті атамыз бізге Қаратаудың қойнауында жатқан жерін таптырмады.Ұрпақтары басына бармағалы 40 жыл өтіп кеткен, соған ренжіді ме екен деймін іштей. Күн кеш болып таудың ішіндегі бір ауылға келіп 80-90 жасқа келген аңшы қарияға жолығып сұрағанымызда, ол кісі: бұл тауда қыпшақ Басықара дегеннің зираты жоқ, аяқ жеткен жерде мен бармаған тау қалған жоқ, бірақ Ақсүмбе тауында менімен қатар бір ақсақал бар, бір болса сол біледі, – деп бізге Ақсүмбеге қарай жол сілтеді.
Ел жатып, түн ауғанда айтқан жерге жеттік, аталған қарияны тауып сұрағанымызда, ол кісі: – Қыпшақ Басықара әулие Қаратаудың өзінің атымен аталатын Басықара асуында жолдасы екеуі жатыр, – деп алып барды. Қуанғаннан сол түнде машинаның жарығымен басына барып, Құран бағыштадық.
Түнде жол сілтеген қарияның үйіне қонып, таң ата күн ұясынан шықпай атамыздың басына тағы да барып тағзым еттік. Түнде байқамаппыз, жатқан жері тау іші табиғаты керемет жер болып шықты. Жолдасы екеуіне де тастан үйіп қорым жасаған. Бірақ баяғыда 1959 жылы әкелеріміз айтқандай бірінің басынан шығып екіншісінің басына барып сіңетін бұлақ көрмедік.
«Құдайдың құдіретін көрем десең тауға бар, көңіліңді көтерем десең тауға шық» деген. Есесіне шығыстан өзен ағып келіп, асу бойымен аққан өзенге қосылып терістікке қарай төменге ағады екен. Осы екі өзен қосылған төбеде атамыздың моласы жатыр. Теріскейге қарасаң ұшы-қиыры жоқ Бетпақдала. Шығысы шатқал биік екі таудың арасы таң шапағымен өте әдемі көрінеді екен. Көңіліміз одан сайын көтеріліп, қатты қуандық.
Зырылдап өтіп жатқан уақыт-ай, содан бері де 20 жыл болыпты. Көп ұзамай қоныс аударып Астанаға көштік. Қала өміріне үйренісу, қым-қуыт тіршілікпен жылдар өтіп жатты. Бірақ Басықара ата ойымнан бір шықпайды. Таубай өмірден өтті, рухы аталарымен о дүниеде табысып жатқан болар.
Өткен жылы Болат Күлімбетов ағамен ақылдасып, Түркістаннан көктас алдырып атамыздың басына белгі қойып қайттық. Енді биыл Малайқұтым ұрпақтары мамырдың бірінші онкүндігінде құдай қаласа, атамызға арнап Ақсүмбеде ас бермекпіз. Қыпшақ Басықара әулие деп атамызды құрметтейтін Ақсүмбе тұрғындарын аста төрге отырғызып сыйламақпыз. Алла ниетімізді қабыл етсін.
Мейрам МҮСІЛІМҰЛЫ
Астана.