Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл – ғажайып дүние

Гүл – ғажайып дүние

Бейсенбі күні №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектепте «Гүл – ғажайып дүние» атты 6-11 сынып оқушылары арасында байқау өтті. Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанбибі ­Сахибекова мен мектеп Парламенті мүшелері ұйымдастырды.
Әу баста гүл адамға қуаныш сыйлау үшін пейіштен жіберіліпті-мыс. Қалай болғанда да жаратушы құдыретімен жасалған жер бетіндегі мың сан сұлулықтың бірі гүлдердің адамға қуаныш сыйлайтыны дәлелдеуді қажет етпейді. Әсіресе, бөлме гүлдері ауаны тазартып, айналаға жасыл реңк беріп тұратыны жасырын емес. Осыны ескерген ұстаздар оқушылардың ықыласын гүлге аударғанды жөн көріпті.
– Байқаудың негізгі мақсаты – тірі табиғатты аялауға, сүюге, таным қабілетін дамытуға, әдемілікке деген құштарлықты оятып, елімізді жасыл желекке айналдырып, гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың тас, топырақ, пластик қалдықтарын қайта өңдеп, эстетикалық талғам дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттін арттыру да біздің назардан тыс қалмайды. Мектепте оқушылар тек теория жүзінде ғана білім алмай үйреніп тәжірибе де жинақтауда. Бүгінгі балалар өте білімді, сауатты. Барлық қатысушы шәкірттерге сәттілік тілеймін, – деді Ж.Сахибекова.
Одан әрі 6-11 сынып оқушылары бөлме гүлдерінің сан алуан түрлерін көрсетіп, олардың күтімі, өсімі жайында сөз қозғады. Байқаудың бірінші кезеңі «Гүл – өмірдің сәні» деп аталды. Мұнда оқушылардың өздері алып келген бөлме гүлінің тарихына тоқталды. Ал «Флорариум-терариум» деп аталатын екінші кезеңде флорариум жасау технологиясымен таныстырып, оның маңыздылығын түсіндірді. Бір ғана бөлме гүлі арқылы табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын аша білген байқаудың соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Мектептің бір сыныбын жасыл бөлмеге айналдырған оқушылар жүлделі орындар мен алғыс хатпен марапатталды.

Г.Әбдіхани
27 ақпан 2023 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031