Сыйлықтың төресі – гүл
Әу баста гүл адамға қуаныш сыйлау үшін пейіштен жіберіліпті-мыс. Қалай болғанда да жаратушы құдыретімен жасалған жер бетіндегі мың сан сұлулықтың бірі гүлдердің адамға қуаныш сыйлайтыны дәлелдеуді қажет етпейді. Қызғалдақты қырды кешіп жүрген атам қазақ салтында гүл сыйлау деген үрдіс болмағанымен жердің көркі – гүл сұлулық нышаны ретінде бағаланғаны анық. Ал гүл сыйлау үрдісі салтқа енген бергі замандағы гүлдің жөні бір басқа.
Талай-талай гүлдей көркем қыздар есімі гүл атымен аталады. Раушан, Роза, Қалампыр, Жауқазын... тіпті Гүлхан, Гүлжаһан, Гүлмира, Гүлжайна, Гүл-гүл, Алмагүл, Жайнагүл деп жалғасып кете береді. Сол секілді гүл сатумен айналысатын бүгінгі кейіпкеріміз Олжас Айтмахановтың жарының есімі Гүлзат екен. Осылайша кейде бір атпен аталатын әсем де нәзік қос жаратылыс гүлдер мен қыз баласының арасында ажырамас байланыс орнаған. «Гүл – жер көркі, қыз – ел көркі» демекші осынау қос көркемдік тоғысқанда жер бетіндегі басқа көркемдік атаулы солғын тартып қалардай-ақ. Мысалға делік, қызғалдақты алқаптағы Қыз Жібектен асқан көркемдік бар ма екен? Иә, сол «Қыз Жібек» фильміндегі көріністі айтамыз. Расында, нәзік жандылардың көңілін марқайтып, гүл сыйлағанды кім ұнатпайды? Тіпті бұл күндері кент орталығында гүл сататын орындар да көбейіп келеді. Кәсіптің көзін тауып, адал еңбекпен нәпақасын айырып отырған О.Қыдырбайұлы 4 жылдан бері гүл сатумен айналысады.

– Әйелім гүлді өте қатты жақсы көреді. Бөлме гүлдерін де көп өсіреді. Жарымның қолдауымен отбасылық кәсібімізді бастаған болатынбыз. Аллаға шүкір, ісіміз берекелі. Оның үстіне қазіргі таңда гүлге сұраныс көп. Туған күн, мереке, той-думан гүлсіз өтпейді десем артық айтқаным емес шығар, – дейді гүл сатушы жігіт ағасы.
Ал гүлдерді Алматы қаласынан тапсырыспен алдырады. Нақтырақ айтсақ, Голландия, Эквадор, Колумбия сынды шет елдерден келетін гүлдерге сұраныс береді. Бұдабай көшесі бойында орналасқан «Rairoses_rai» деп аталатын гүлдер дүкенінің ішіне енсеңіз балғын, жұпар иісі аңқыған ақ, алқызыл, қып-қызыл раушан гүлдерін аңғарасыз. Сонымен қатар хризантема, гортензия, лизиантус, түймедақ секілді сан түрлі әсем жаратылыстарды көргенде көз тайдыру мүмкін емес. Одан бөлек бөлме гүлдерін де сатады. Олар ерекше күтімді қажет етеді. «Ал оны тұтынушыларға ұсыну үшін сыртын сәндеп, ішіне лебізін бідіретін тілек хатын да салуға болады. Күн сайын, сәт сайын жаңа дүниелер туындап, қоғам да өзгеріп тұрады. Сол секілді гүлді жай орап қоя салу жеткіліксіз. Қазіргі сұраныста қорапқа салынған түрлі-түсті гүлдер мен тәттілер қосу трендте. Сонымен қатар әртүрлі пішіндегі шарларды үрлеп жанына қосып алып жатады» дейді кәсіпкер.
Олжас үшін тұтынушының таңдауы мен талабы өте маңызды. Сондықтан гүлдің бағасын да мейілінше қолжетімді, арзан бағада ұсынуға тырысады. Мәселен, 1 орама гүлдің бағасы 1500-2000 теңгеден басталады. Ары қарай гүлдің түрі мен санына қарай құбыла береді. Күн сайын алғысқа бөленген кәсіпкер өз ісінен рақат табады. Өйткені адамдарға қуаныш сыйлау үшін бар ынта-жігерін салады. 2 адамды жұмыспен қамтып отырған кейіпкеріміз сыйлықты үйге дейін жеткізіп беру қызметі де барын тілге тиек етті. Қол қусырып жұмыссыз отырғанды қаламаған отбасының бүгінгі ісі берекелі. «Қолы қимылдағанның қыр асатыны» секілді шағын кәсібін дөңгелетіп, маңдай термен еңбек еткен Олжастың да еңсесі тік.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ