Ертегілер еліне саяхат
Жуырда №46 А.Пушкин атындағы орта мектебінде «Балалар және театр» жобасы бойынша үшінші сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілікті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәз Достиярова ұйымдастырды.
Орыс педагогі А.Сухомолинский: «Ертегі – халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі» – деп орынды айтқан. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Ертегілер негізінен қиял-ғажайып, шыншыл, жан-жануарлар, тұрмыс-салт болып бөлінеді. Халқымыз «Ертегісі жоқ елдің ертеңі жоқ» деп текке айтпаған.

Аталған шараны мектеп директоры Айжан Қарекеева ашып беріп, мектеп оқушыларына ертегінің маңыздылығын айтып өтті.
Сондай-ақ, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін 3 «А» сынып оқушылары қызықты етіп өткізсе, ал 3 «б» сынып оқушылары «Шалқан» ертегісін сахналап, жиналған жұршылықты күлкіге қарық қылды. Одан соң, 3 «В» сынып оқушылары «Алтын балық» ертегісін орындап сахнаның сәнін кіргізді. Соңғы болып шыққан 3 «д» сынып оқушылары жыл басы ертегісінен әсерлі қойылым жасады. Осылайша, ертегілер еліне саяхат жасаған барлық сыныптың оқушылары өздеріне берілген ертегіні тамаша суреттеп шықты. Шараны ұйымдастырған Г.Достиярова «Бұл шараны өткізудегі мақсат балаларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, үлкен өмірге бейімдеу болып табылды. Ертегі балаларды қиял-ғажайыпқа еліте отырып, болашаққа арманмен қарауға үйретеді»–деді.
Ш.Тілеубаев