Әлеммен рухани үндестік қайнары
Адамзат ақыл-ойының қазынасы, рухани құндылықтардың қайнар көзі – кітаптың қоғамды дамытудағы орны ерекше. Осы орайда, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында әлемнің ең танымал гуманитарлық білім бағыттары бойынша 100 оқулықты қазақ тіліне аудару рухани жаңғырудың бастамасы десе болады.
Елбасының әлемнің көрінісін оқулықтар арқылы тереңдетуінің түпкі негізі – өскелең ұрпақты жаһандық білім кеңістігіне бағыттау. Рухани құндылықтардың негізгі тіректерінің бірі – оқулық екенін ескерсек, жобаның астарында жас ұрпақты кітап оқуға бағыттау саясаты жатқаны анық.
Шетелдік философия, психология, әлеуметтану, мәдениеттану бағыттарындағы оқулықтарды қазақ тіліне аударудағы басты мүдде – озық шетелдік тәжірибені меңгеру, оны жеке және кәсіби өмір жолында пайдалану. Гуманитарлық білім бағытындағы оқулықтарды қазақ тілінде аудару әлемдік тәжірибені еркін пайдалану мен олардың қолжетімділік мүмкіндігін арттырады.
Кітап адамды шыдамдылыққа, әлем образын шынайы жасай алуға, сыни ойлауға, шешендік өнерге және адамзаттың басқа да асыл қасиеттерін дамытуға жағдай жасайды. Филофиялық бағыттағы кітаптар адамзаттың дүниетаным компоненттерінің тереңдей түсінуіне ықпал етеді. Осы орайда, өресі кең, өзіндік пікір-көзқарасы, сенім-мұраты анық ұрпақ тәрбиелеуде әлем тәжірибесіне негізделе отырып, рухани құндылықтарды дамыту қажеттілігі – заман талабы.
Адамзат дүниеге келгеннен бастап өмір тәжірибесін отбасынан жинақтап, өзіндік тұрмыстық-психологиялық білім жинақтайды. Елбасының әлемдік деңгейдегі психологиялық білімге назар аударуының астарында қоғамның әр саласындағы оның маңыздылығын айшықтап көрсеткендей. Қоғамдағы ғылым мен техниканың жетістігі, әрине, өркениетке қосатын бірден-бір жол екенін мойындаймыз. Дегенмен, күнделікті өмірде тұлғараалық, іскерлік және отбасылық қарым-қатынас негіздерін, танымдық үдерісіміз бен әрекетімізді, рухани әлеміміз бен ішкі жан дүниемізді өзіміздің тануымызға бағыттайтын психологиялық білімдерге бағыттау қоғам сұранысынан туындайды.
Психологиялық бағыттағы кітап – Гарвард университетінің профессоры Эллиот Аронсонның қазақша баламадағы «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты оқулығы тұлғаға бағытталған тәрбие идеясын іске асырудың бірден-бір жолы екенін айтуға тиіспіз. Себебі, бұл оқулықтың мазмұнында адамның айналадағы болып жатқан жағдайларға тәуелділігі, құбылыстарды терең қабылдауы, өзінің әрекетін дәлелдеуге тырысуы, әлеуметтік сенімділік, ішкі наразалықтың сыртқы көрінісі, тұлғааралық қарым-қатынастағы жағымды сезімдер сияқты психологиялық астарлы дүниелер өмірлік мысалдар арқылы берілген. Сондықтан оқырман қауым автордың еңбегінен адамның ішкі әлемінің терең және нәзік тұстарына байланысты өмірлік жағдайларда кездесетін сұрақтардың жауабын табады.
Гуманитарлық білім бағытындағы кітіптарды қазақ тіліне аудару бастамасы еліміздің әрбір азаматының өресін кеңейтуге, рухани жаңғыруына мүмкіндік бере отырып, мемлекетіміздің тұғырын биіктететіні айдан анық.
Алмагүл АЯҒАНОВА,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ педагогика және психология кафедрасының
қауымдастырылған профессоры м.а.,
психология ғылымдарының кандидаты.