Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Нұрсұлтан Назарбаев - Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» кітабының тұсауы кесілді

«Нұрсұлтан Назарбаев - Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» кітабының тұсауы кесілді

«Нұрсұлтан Назарбаев - Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру». Астанада осындай атаумен жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді. Түрлі мақалалар, сұқбаттар мен сарапшылардың пікірлері қамтылған кітап жалпы оқырман қауымға арналған. Бірегей туындының студенттер мен жас ғалымдарға да берері мол. Кітапты президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты дайындаған. Болашақта бұл жинақ оқу орындары мен кітапхана сөрелерінен өзге, шет елдердегі білім ордаларының кітапханасынан да орын табады. Кітап авторлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзге мемлекеттердегі сарапшылардың да зор қызығушылығын тудырғанын айтады. Кітапта Елбасы бастамасымен қолға алынған бірегей бағдарлама жөнінде озық ойлар бір жүйеге келтіріліп, топтастырылған. Ғазиз Телебаев, философия ғылымдарының докторы, профессор:  Рухани жаңғыру туралы көп жазылады, бірақ, газеттердің бәрін оқып, бөлек жүрген ақпаратты оқу қиын. Сондықтан бір жерде топтастырылған ақпарат, мен ойлаймын, студенттерге оқуында, дамуында үлкен үлес қосатын кітап.  


© Astana TV
22 желтоқсан 2017 ж. 3 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930