Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРМАНЫ АСҚАҚ, ӨНЕРІ ЕРЕН ӨНЕРПАЗДАР

АРМАНЫ АСҚАҚ, ӨНЕРІ ЕРЕН ӨНЕРПАЗДАР

Бейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінің дәстүрлі «Арманы асқақ, өнері ерен өнерпаздар» атты есеп беру кеші өтті.
Шара барысында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найла Палымбет сөз алып, мәдениет үйінің ұжымына шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
– Мен сурет салу өнеріне қатысқаныма 6 жылға жуық уақыт болды. Мен бұл фотосуреттерде әртүрлі таулардың әсем бейнелері, қанша жылғы тарихы бар Бурабайдағы «Жұмбақтас» пен ауданның келбетін айшықтайтын және елорда төріндегі әсем ғимараттардың суреттерін салғанда өзімнің Отаным көз алдыма елестейді. Біздің елімізде сан тарихтан келе жатқан аңыздар мен тағылымға толы тарихтарымыз бар. Мен солардың бәрін айшықтап, фотосуреттер арқылы ел алдына шығарғым келеді, – дейді Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп оқушысы Тоғжан Нұрланқызы.
Айта кетейік, аудандық облыстық, республикалық және де халықаралық байқаулардың жеңімпаздары «Арман» би тобы, «Жеті нота» ән және вокал үйірмесінің оқушылары, «Әсем саз» домбыра үйірмесінің оқушылары, «Алтын саксофон» үйірмесінің өнерпаздары өнер көрсетті.
Шара соңында ауданның өнерпаз ұл-қыздары ән айтып, би билеп көрермен ықыласына бөленді.

Дархан Байтілес
30 қаңтар 2023 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031