МАХАББАТ ЖАСҚА ҚАРАЙ МА?
Әй, інішек!
Қазақ деген салт сақтағыш ұлыс е(ді)к.
Сені маған, мені саған қоспайды,
Жолықпай-ақ қойғанымыз дұрыс ед (і)
Рас. Бәлкім жолықпай-ақ қойған да дұрыс шығар... Бірақ махаббат жасқа қараушы ма еді? Бірін-бірі қалап тұрған қос жүрек жарасым тапса, оның несі айып? Иә, махаббат жасқа, ұлтқа, дінге, тіпті нәсілге де қарамайды. Мұны айналамыздағы қаншама жұп дәлелдеп келеді. Сезімнің сергелдеңге салып, бір айналдырған басыңды шыр айналдыратынын ескерсек, шын ғашықтарға қосылып, екі жарты бір бүтін болудан басқа шара жоқ. Қосылып жарасым тапса жақсы ғой. Алайда бүгінде айналамызда шектен шығып, «шын ғашық болдым» деп өзінің інісі, тіпті баласымен жасты азаматтарға мүмкіндік беріп, көңіл жарастырғандарды көп кезіктіретін болдық.
Қазақ деген салт сақтағыш ұлыс е(ді)к.
Сені маған, мені саған қоспайды,
Жолықпай-ақ қойғанымыз дұрыс ед (і)
Рас. Бәлкім жолықпай-ақ қойған да дұрыс шығар... Бірақ махаббат жасқа қараушы ма еді? Бірін-бірі қалап тұрған қос жүрек жарасым тапса, оның несі айып? Иә, махаббат жасқа, ұлтқа, дінге, тіпті нәсілге де қарамайды. Мұны айналамыздағы қаншама жұп дәлелдеп келеді. Сезімнің сергелдеңге салып, бір айналдырған басыңды шыр айналдыратынын ескерсек, шын ғашықтарға қосылып, екі жарты бір бүтін болудан басқа шара жоқ. Қосылып жарасым тапса жақсы ғой. Алайда бүгінде айналамызда шектен шығып, «шын ғашық болдым» деп өзінің інісі, тіпті баласымен жасты азаматтарға мүмкіндік беріп, көңіл жарастырғандарды көп кезіктіретін болдық.
Иә, сіз қате оқыған жоқсыз. Осыдан біршама жылды артқа тастайтын болсақ, ел ішінде еркектердің «өзінен он-он бес жас кіші қызды жар етіп, шаңырағына келін қылыпты» деген әңгімелерін жиі еститінбіз. Тіпті елудегі азаматтың мектепті кеше бітірген бойжеткенге үйленгені ауыл адамдарын таң қалдыратын. Бәрі таңырқап, тіпті «қызды берсең, шалға бер сақалымен ойнасын» дейтін. Дегенмен де жасы кіші жігітің жас қызды жар еткені ешқашан ел үшін жаңалық болмаған. Ал қазір ше? Қазір қыздарда таңдау да, талғам да өзгерген сыңайлы. Бұрымдылар бұрынғыдай елуді еңсергендерге қарамақ түгілі, көзінің қиығында салмайды. Керісінше, өзінен бірнеше жас кіші, жалындап тұрған жап-жас жігіттерге құмартатын болып алған. Кешірім өтінемін, бірнеше жас кіші деп қателесіп кетіппін. Бірақ не айтып, кімдерді меңзегім келгенін өзіңіз де біліп отырған шығарсыз?
Басылым бетіне ақпарат таратып, бұқара үшін жаңалық жаршысы болып жүрген біздер күн-түн демей елге елеулі хабарды барынша жылдам жеткізуге тырыссақ та, әлеуметтік желідегі тарайтын жаңалықтар бұдан да тез. Көз ілеспес жылдамдықпен жарыса жазылған ақпараттар әсіресе «Тik-Тok» желісінде көп. Бірі жалған, бірі шын. Бәрі де құрысын. Тақырыптан ауытқымай, бүгінгі қаламның салмағын махаббаттың жасқа қарамайтындығын делелдеген танымал жұптарға түсірейік. Өздеріңіз де көріп жүрген боларсыздар. Соңғы аптада елінің еркесі Ерке Есмахан ер азаматын жолықтырып, жүрегінің жартысын тапқаны жайлы хабар желіде желдей есті. Жас жігіт деп отырғанымыз – отыздан асқан әншінің Райымбек батыры, өз тыңдарманын тапқан, жұлдызын рэптен жаққан – Raim. Не керек? Қос ғашықтың жыры бүгінде желі қолданушылары арасында сынға ұшырап жүргені жасырын емес. Себебі Ерке – 38-де, Райымбек небәрі – 26 жаста. Жас ерекшеліктері едәуір үлкен бұл жұпты бірі жақтаса, бірі даттап әлек. Бірақ мақтауын асырып, бақыт тілегендерге қарағанда, жаман пікірлерді жарыса жазып, сынға алғандары көп. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені жастар арасында айтарлықтай танымалдылыққа ие болған, талай қыздың жүрген жаулап үлгерген жігітті Еркеге қимайтын көп болып шықты. Жас айырмашылығын былай қойғанда, Еркенің бұрын тұрмыста болғандығын, ел алдында жүрсе де талай жігітпен көңіл жарастырғанын сөз еткендер көбейді. Жаңа жұптан жарастық көрмегендер тіпті бұл сезімді хайпқа балап, сенімсіздік танытқан. Өйткені қос ғашықтың да соңғы жылдары жұлдыздары жарқырап, біраз танымалдылыққа ие болған. Керек десеңіз, олар шырқап жүрген әндер миллионнан аса қаралым жинап, шетелдік тыңдармандардың да қызығушылығын тудырған. Содан да болар бұл екеуінің қосылғанын махаббатқа емес, танымалдылықтың артуына балайтындар көбейген. Бірақ бәрі де сіз бен біз ойлағандай емес. Жұрт жаңалық қылып, қос әншіні қосып, «екеуі жүреді» деген әңгіме таратып жүргенде, олар Алланың алдында ақ некелерін қиып үлгерген. Керек десеңіз, махаббаттың қаласы Парижге бірге барып келген. Тыңдармандарын аң-таң қылған Райм мен Ерке бүгінде ел аузында. Алайда жұрт жазғырып даттаса да олар ешкімнің сөзіне назар аудармайтын сыңайлы. Бәлкім, олар да махаббаттың жасқа қарамайтындығын тағы да дәлелдесе керек. Ажырасқан әйелді «аманатым» деп қабылдаған азаматқа әрине, риза боласың. Алайда жас ерекшеліктері ел назарына іліккен екеудің махаббат хикаясы әлі қанша уақыт сөз болары белгісіз. «Махабат деген – қараусыз майдан» десек, қос ғашыққа әлі талай сыннан өтіп, өз бақыттары үшін күресуі керек. Бірақ махаббаттың бәрін жеңетіні белгілі емес пе?
Махаббат – көңілдің түкпіріндегі керемет сезім. Оны сөзбен айтып жеткізу қиын. Оның құдіреттілігін талай ақын жазушылардың өзі том-том кітапқа сыйдыра алмаған. Кеуде тұсыңдағы жұдырықтай жұмсақ еттің дір етіп, соғысын жылдамдатудың өзі бір бақыт. «Махаббатпен жаратқан адамзатты» деген сөздің өзіне үңіліп қарайтын болсақ та, пенде біткеннің барлығы махаббатпен жаратылғанын шын ұғынамыз. Ал махаббатта ешқандай кедергі жоқ. Кедір-бұдыр жолдардың өзінен махаббат деген ұлы күш алып шығады. Жасы үлкен болса да, кіші болса да, шынайы сезімді сезініп көргеннен асқан бақыт бар ма? Иә, Ерке Есмаханның махаббатынан басқа да, ел ішінде өзінен едәуір кіші жігітке тұрмысқа шыққан қыздар көп-ақ. Солардың бірі – танымал актриса Гүлбахрам Байбосынова. Жуырда ғана ақ келін атанған ару да махаббат жасқа қармайды дейді. Жасы кіші жігітке жар болған ол өзінің таңдауына еш өкінбейді. Көрермендері оны қанша сөз етсе де, ол сүйіктісіне ғашық екенін желіде ашық жариялап үлгерген. Одан бөлек, Жайдарман ойнап, жұртты әзілге қарық қылған Шымкенттік ару Мереке де бірнеше жыл бұрын өзінен алты жасқа кіші жігітпен көңіл жарастырған. Бүгінде қос жұптың ортақ некелерінен екі бала бар. Айта берсең көп-ақ. Әркім өзі біледі, әрине. Бірақ мұндай жұптарға қарап отырып, жас жігітке тұрмысқа шығу трендке айналған ба деп қаласың? Рас. Тренд демей немене? Жас жігіт тапқанның бәрі жұбын әлем желіге жариялауға әуес қазір. Осындайда тып-тыныш бақытты болуға болмас па еді деген сұрақ көкейде қылаң береді. Барлық адам бақытты болуға лайық. Десек те, мұндай жағдайда халық әуелі «жас жігіттің басын айналдырып алған» деп қыздарды кінәлайды. Ал әрқашан ер азамат сүттен ақ, судан таза көрінеді. Таяқтың екі ұшы барын ескерсек, ер азаматтардан да қателіктің барын аңғарамыз. Себебі қазіргі жігіттердің дені өзіне жар емес, «мама» іздейтіндей көрінеді. Бұл туралы психолог:
– Махаббат – ұлы күш. Дегенмен қазіргі заманда қыздар емес, ер азаматтар есеппен сүюге әбден машықтанып алған. Неге десеңіз, көптеген жігіттер қалтасы қалың әйел затына құмар. Олар ажырасқан, баласы болса да, ақшасы бар қалыңдықты жар ететіндері содан. Ол нәрсені мен ойдан шығарып отырған жоқпын. Бұны сіздер де көгілдір экран арқылы естіп, көріп жүрсіздер. Көптеген ажырасқан әйелдерге ер азаматтың жылулығы, гармония жетіспейді. Ал мұндай қажеттілікті жасы кіші ер азаматтар жақсы орындай алады. Қалауын беріп, көңіліндегісін орындаған жігіттерден қалталы әйелдер ештеңесін аямайды. Тамағын істеп, ақшасын да береді. Керек десеңіз, қымбат көлік, зәулім үйлеріне дейін беруге даяр болады. Осыдан кейін көптеген ер азаматтар өздері ақша таппай, дайын асқа тік қасық болып кетеді. Көпке топырақ шашпаймын, әрине. Дегенмен жасы үлкен әйелдер жас қыздарға қарағанда ерекшеленіп, әйелдік энергиясын тез байқатқыш болып келеді. Сондықтан жігіттер жасы үлкен әйелді жар етуді әбестік деп санамайды. Мұнан соң олардың махаббатпен үйленгендеріне қалай сене аламыз?, – дейді психолог Марал Мәдиқызы.
Хош. Біреудің тағдырын, таңдауын сөкпейміз. Кім қандай жолды таңдаса да, бұл әлемде шынайы махаббаттың барын ешкім жоққа шығара алмайды. Ең бастысы, махаббаттың қадірін жоғалтпайық. Есеппен емес, ессіз сүюді үйренсек қана, махаббаттың мұнарасы құламайтыны сөзсіз.
С.СЕРІКҚЫЗЫ