Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЭВЕРЕСТКЕ ШЫҚҚАНЫҢ!

ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЭВЕРЕСТКЕ ШЫҚҚАНЫҢ!

Шиелі ауданының Құрметті азаматы
Өркен Исмаилға

Сыбыр-сыбыр бір әңгіме еседі,
Жетпіс жасқа келді сені деседі.
Иықта баян, қызға тиіп қырғидай
Жүрген шағың кеше еді ғой, кеше еді.

Сыбыр-сыбыр бір әңгіме еседі,
Жетпіс жасқа келді сені деседі.
Апта сайын ән шығарып, сөз жазып,
Жүргеніміз кеше еді ғой, кеше еді.

Сыбыр-сыбыр бір әңгіме еседі,
Жетпіс жасқа келді сені деседі.
Қолың жетіп Раядай аруға,
Үйленгенің кеше еді ғой, кеше еді.

Полициялық міндетті де атқардың,
Өзің сүйген газетті де басқардың.
Тұрсың міне, түк көрмеген жандай боп,
Ұшарында жетпіс деген асқардың.

Сыбыр-сыбыр бір әңгіме еседі,
Жетпіс жасқа келді сені деседі.
«Халық айтса, қалып айтпас» деген бар,
Жетпістесің, азаматсың көшелі!

Бойды билеп әсем әуен, көркем үн,
Сенің сазың жан тербеп тұр, Өркенім.
Той-думанмен өтіп жатыр бүгінің,
Қызығы мол шаттық болсын ертеңің.

Құтты болсын Эверестке шыққаның!
Әр ісіңді, өр ісіңді құптадым.
Өркен досым, сенің жетпіс жасыңды,
Жеті шумақ өлеңменен нықтадым.

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
20 шілде 2019 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

№89 (9356)

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031