Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » астанаға арнау

астанаға арнау


Ашқанда өмір Алашыма түндігін,
Шаттық жырын шырқайтұғын күн бүгін.
Толған шақта жиырмаға Астанам,
Кеудемдегі көрік шашсын нұрлы ұғым.
Өзгермейді өнегелі күй, мәні,
Жырын төксін ақын қызың ибалы.
Жиырма жылдың ішінде ізгі іспен,
Астана елге тек бақытын сыйлады.
Әр көшесі салтанатты сән құрып,
Күмбезді үйлер күн нұрындай құлпырып.
Ерке Есіл толқынымен жарасып,
Төріне өмір ұсынғандай қалпы бақ.
Сарыарқаның жиып бойға самалын,
Ел-жұртымның бастап алға қадамын.
Әлемге әділ қалпыменен құт беріп,
Жақсылықтың таратуда хабарын.
Көрген жаннан берілмеген пәс баға,
Ардақты елдің төрісің сен Астана.
Бүгінгі әсем бой көтерген даңқыңның,
Биігінен қарап тұрмыз басқаға.
Өрнекті ойды десек арнап өрерміз,
Өзіңменен бар бақытқа бөленді із.
Кеше бізді білмесе де ешкімде,
Бүгін көппен терезесі тең елміз.
Ақылды ойлар тоғысқан бар асқағы,
Нұрлы Астанам елімді алға бастады.
Көшбасшы боп әлем жұрты алдында,
Шашты сәуле сенде өнеге дастаны.
Тұрғанда өзің үзілмейді үздік үн,
Астанаммен айбарлымыз біз бүгін.
Бақытты өмір төріне елді бастауда,
Құтты өмірдің қолға ұсынып тізгінін.
Мақтан тұтар сені бүгін кезім шын,
Астанаммен ойым – асқақ, сөзім – шың.
Ел жүрегі – Астанама арнаған,
Жырларымнан сәулесі өмір сезілсін.
Бір қызыңмын ой тұмарын баптаған,
Астана әсем бағытыңнан бақ табам.
Мәңгілік ел төріндегі тұғырлы,
Астанаммен әрқашанда мақтанам!

Ақтолқын МӘЛІКҚЫЗЫ,
№46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицей оқушысы.
10 шілде 2018 ж. 1 066 0