Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есілде кемемен серуендеу маусымы ашылады

Есілде кемемен серуендеу маусымы ашылады

Салтанатты рәсім "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары мен қонақтарына кәсіпорын флотындағы ыңғайлы алты кеме қызмет көрсетеді, оларға жалпы 265 жолаушы сыяды. 
Амфитеатр ауданына жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне  байланысты,  Астана әкімдігі кемеге отыру орнын уақытша Кенесары ескерткіші маңынан ашты. 
Есіл өзеніндегі кемемен жүзу бағдарының уақытша ұзындығы үш шақырым, ал серуеннің ұзақтығы 25-30 минут. Ал, уақытша билет құны нақтыланды. Ол 7-16 жас аралығындағы балалар үшін 250 теңге, ересектерге 500 теңге.
Көпір құрылысы аяқталған соң "Есіл-Астана" МҚКК мекемесі жылдағы дәстүр бойынша алдын ала белгіленген бағыт бойынша Кенесары ескерткішінен төмен орналасқан айлақтан бастап Ақ ордаға дейін жалғасады. Ол кезде бағыт ұзындығы 18.8 шақырымды құрап, ересектер үшін билет құны 1000 теңге, ал балалар үшін 500 теңгені құрайтын болады.
20 мамыр 2018 ж. 1 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031