Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлулық туралы өсиет әңгіме

Сұлулық туралы өсиет әңгіме


 Жолдың жиегінде айдай сұлу қыз келе жатты. Бірде ол артында бір еркектің келе жатқанын байқап: - Неге артымнан қалмай келе жатырсыз? – деп сұрады. Ер адам: - Сіздің асқан сүйкімділігіңіз мені еріксіз өзіңізге тартып бара жатыр. Ал мен жайлы адамдар тамаша музыкант, поэзия шебері, әйелдердің жүрегін махаббат сезімімен толтыратын жігіт деп атайды. Сізге шын ғашық екенімді айтқым келеді! – деп жауап береді. Сұлу қыз біраз үнсіз тұрды да: -  Маған қалайша ғашық болдыңыз? Менің сіңлім маған қарағанда мың есе сұлу, ажарлы қыз. Ол артымызда келе жатыр, - деп айтады. Әлгі жігіт тоқтап, артқа қараса, ескі киімде таяғын сүйреп бір әжей келе жатыр. Ол тездетіп, аруды қуып жетіп, көзін төмен қаратып, сұрақ қояды: -  Қалайша аузыңнан жалған сөз шықты? -  Сіз де маған «сүйемін» деп шындықты айтпадыңыз. Махаббат ережелерін толықтай біліп, маған ғашық болғандай кейіп таныттыңыз. Олай болса, неліктен басқа әйелге қарауды шештіңіз? – деп күлімсіреп, жауап береді. Бұл өсиет әңгіменің арқасында сұлулыққа құмарлық жалғыздықпен немесе баянсыз махаббатпен аяқталуы мүмкін екеніне көз жеткіземіз. 

Massaget.kz
25 ақпан 2019 ж. 1 389 0