Махаббатты неліктен есірткіге теңейді?
Әлемдегі ең әдемі сөз «махаббатты» адамдардың есірткіге теңейтінін жиі естиміз. Бұның тарихы қандай және бұл теңеу неден шыққанын білесіз бе?
Қабылданған есірткі де, романтикалық эмоциялар да мидың белгілі бір орталығына әсер береді екен. Бұл орталық өз алдына мидың уәждемеге жауап беретін бөлігіне сигнал береді де, адам өзінің жұбын таңдап, бұрын-соңды істемеген әрекеттеріне барады екен.
Нью-Йорктегі Альберт Эйнштейн медициналық колледжінің неврологы Люси Браун ғашық болған адам өзін бақытты сезінеді, алайда жиірек ол сезіммен мазасыздық сезімі де бірігіп жүретінін айтады.
Нью-Йорктік Мемлекеттік университетінің психологы Артур Арон махаббат сезімі есірткі тәрізді миымыздың бір облысын активтендіреді. Ол ғылыми зерттеу жүргізіп, эксперимент үшін ғашық болған 10 әйел мен 7 ер адамды шақырды. Оларға жақсы көретін адамдарының мен оларға ұқсайтын кісілердің суреттері көрсетілді. Нәтижесінде сүйетін адамының суретіне қарағанда, зерттеуге қатысушының өмірде кездесу кезінде активтенетін мидың белгілі бір орталығы жұмыс істеп кеткен. Осындай бірқатар зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, ғашықтық сезімінің неліктен есірткінің беретін әсеріне теңейтінін түсінеміз.
Өз басым, әлемге жан бітіріп тұрған - махаббат деген тұжырыммен келісемін. Ұлы сезімдердің ұлысы - шынайы махаббат. Адамдар махаббатты біреуге деген ынтықтықпен, ұзақ уақыт араласып жүрген адамға үйреніп қалғандығымен және ғашықтықпен шатастырады. Нағыз махаббат жүрекке бір көргеннен ме, әлде адамды жылдар бойы танып, білгеннен кейін орнайды ма деген даулы сұрақ бар. Кейбіреуі біріншісіне қосылып, шынайы махаббатқа уақыт керек еместігін айтса, басқалары екіншісін қолдап, шын сезім таңдаған жұбыңды толыққанды зерттеп, білгеннен кейін туындайтынын дәлелдеп жатады. Менің ойымша, бұл екі нұсқа да орынды. Яғни, әлемде қанша адам бар болса, сонша пікір болады. Себебі, әрқайсысында әртүрлі жағдай, әр қилы себеп пен салдары болады. Сондықтан да осындай даулар туындайды. Ал сіз бұл жайында не айта аласыз? Дайындаған: Фариза Әбілова Сурет: vk.com
Massaget.kz