ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ ҰПАЙЫ ЖОҒАРЫ
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақтың ұлттық киімдерін көпшілік Наурызды тойлағанда ғана киетін. Қосетек көйлекті, қапсырмалы бешпет пен оюлы тақияны тек дәстүрлі өнер өкілдері мен әнші-бишілер киеді деп қабылдадық. Кейіннен қыздар қазақтың ұлттық киімімен ұзатыла бастады. Біртіндеп той-томалақтарда қазақы ою-өрнекті киімдер сәнге айналды. Бүгінде ұлттық стильдегі киімдер мен аксессуарлар жаңа заманға лайықталып, қайта жаңғыруда.
Кейінгі кезде қазақы нақыштағы комзол мен тақия кию қыздардың арасында трендке айналды. Тек әйел заты ғана емес, ер азаматтарға да батыр, ақын-жазушылардың суреті бейнеленген жейделер, ұлттық нақыштағы сырмалы костюмдер кию сәнде. Мұндай киімді тек той-томалаққа ғана емес, театрға, концерттерге, тіпті көшеде де киіп жүргенін жиі кездестіретін болдық.

Әрине бұрымдылар бұрынғыдай қосетек көйлектің орнына, қазіргі заманға сай, ыңғайлы стильдегі ұлттық киімдерді ұнатады. Мәселен, бүгінде «оверсайз» стилінде тігілген ұлттық шапандар, жеңі мен оюлы белдігі бар ұзын көйлектер, қазақ аруының суреті бейнеленген костюм мен жилеттер, қазақы оюдағы сөмке мен тақиялар әйел затының көркін ашып жүр. Мұндай киімнің кем дегенде біреуін киіп алған нәзікжандыны кез келген жерден кездестіре аласыз. Тіпті той-томалақта мереке иелері бірдей етіп қазақша көйлек киетіні де әдеттегі жағдайға айналғаны қашан.
Қазіргі заманға лайықталып, минимализм стилінде тігілген мұндай киімдер қазақ аруларының көркін аша түсті. Әсіресе, соңғы екі жылда арулар арасында жаппай трендке айналған тақияның жөні бөлек. Әлеуметтік желіде «тақияны тек тұрмысқа шықпаған жасөспірім қыздар ғана киген, бүгінде оны келіншектер де киіп жүр» деген де пікірлерді көзіміз шалып қалды. Дегенмен, соңғы кездерде қыз-келіншектердің, жалпы қазақ жастарының ұлттық нақыштағы дүниелерге деген қызығушылығының арта түскені қуантады. Халықтың сұранысына қарай ұлттық киімдер мен бұйымдар шығаруды кәсіпке айналдырған тігіншілердің де қарасы көп қазір.
Тақияның тарихы
Қазақтың ұлттық киімдерінің ішіндегі ең сәндісі де, мәндісі де – әйел адамның бас киімдері. Соның ішінде тақияның орны ерекше, өйткені бұл бас киімді қыздар ежелден-ақ күнделікті тұрмыста киген. Тақия – барқыттан, қамқадан тігілетін жазғы жұқа бас киім. Қазақ қыздары киген тақия ертеректе алтын-күміс әшекейлермен, ақ тиын, сусар, бұлғынның үлбірлерімен сәнделген.

Қазақ қыздары үкілі тақияны үш жасынан бастап 18 жасқа дейін, яғни бойжеткенше киген. Бес жасқа толғанда шашын өріп, шолпы таққан. Ал бойжеткен соң кәмшат бөрік киген. Қыздардың тақиясы қызыл, алқызыл, күлгін, жасыл түстермен барқыт секілді матадан сырып тігілген. Ол түрлі-түсті моншақ-маржанмен безендірілген. Халқымызда тақия – тек қыздардың ғана емес, ер адамдардың да бас киімі. Ер адамдардың арасында тақияны тастамай киетіндер бар. Ерлердің тақиясы әшекейлермен безендірілмейді, олар биік төбелі, тегіс төбелі, үшкір төбелісін киеді.
Бұрындары қазақы киімнің құны шарықтап, қолжетпестей көрінетін. Себебі оны өндірушілер өте аз болды. Оның үстіне қазақы киімдер тек салтанатты шараларға ғана киюге арналатын. Сондықтан қанша қаласа да бір ұлттық киімнің құнына базардағы қытайлық өндірістен бастан-аяқ киінуді құп көретіндер көп еді. Ал қазір керісінше, көпшілік ұлттық киімді ұлықтауға асық. Сәйкесінше бағасы да, сапасы да көңілден шығады. Бұл да болса қазақилығымыздың қадірі артып, ұлттық құндылықтарымызды қажетінше насихаттай алғанымыздың нәтижесі болса керек.
Гүлхан ЯХИЯ