Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САҚ БОЛСАҢ, САҚТАЙДЫ

САҚ БОЛСАҢ, САҚТАЙДЫ

«Теміржол – қауіпті аймақ. Тұрғындар осы аумақта да аса сақ болуы қажет» дейді Шиелі станциясы желілік полициясы бөлімінің қызметкерлері.
Шойын жолдың бойында қауіп жоғары. Сондықтан да адам қуаіпсіздігі басты назарда болуы қажет. Әсіресе ауыл маңы мен ­аудан орталықтарын басып өтетін теміржол желілерінде қарапайым ережелер сақталмаса – қиын.
– Бүгінгі таңда перрондағы заңсыздықтар белең алуда. Атап өтер болсақ, белгіленбеген жерлердегі жабайы сауда, жасөспірімдердің жасайтын саудасы. Тиісінше ата-анасының яки туыстарының қарауынсыз қалған бала қылмыс, құқықбұзушылық жасап, теміржол объектілерінде дене жарақатын алып, келеңсіз жағдайға ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ теміржолмен өтерде пойыздың алдынан жүгіріп шығуға, рельспен жүруге болмайтынын күнделікті құлағдар етіп отыру керек. Мүмкіндігінше жасөспірімдерді жалғыз жіберуге болмайды, – дейді сала мамандары.

«Өскен өңір» ақпарат
16 қаңтар 2023 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930