Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АБАЙЛАҢЫЗ, ПОЙЫЗ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«АБАЙЛАҢЫЗ, ПОЙЫЗ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шиелі станциясы желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аймағында 1-9 қыркүйек күндері «Абайлаңыз, ­пойыз!» атты жедел профилактикалық қауіпсіздік акциясы өтті.
Бұл теміржол бойындағы әр түрлі бақытсыз жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірден-бір акция. Мақсат – пойыздардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, теміржолдағы жүріс-тұрыс ережелерін ескерту. Сәйкесінше аудандағы мектептерде аталған мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
− Мектептердегі «Абайлаңыз, пойыз!» шарасы кезінде темір жол арқылы белгіленген жерлерден өту керектігі айтылып, кез келген жерден кесіп өтудің салдары түсіндірілді. Мұндай жағдай кездессе, қандай жауапкершілікке тартылатындығы да ескертілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылық жасауға тартқан адамдарды анықтау, балаларының жүріс-тұрысына салғырт қарап, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу ­бойын­ша міндеттерін орындамайтын ата-аналарды құқықтарынан айыру және шектеу шаралары ­туралы ескертілді, – дейді сала мамандары.

«Өскен өңір» ақпарат
12 қыркүйек 2022 ж. 259 0