Жол ережелеріне бағынайық

Қазіргі таңда Шиелі ауданында жүк пойыздары және жолаушылар пойыздарының алдынан адам өту мен мал өту деректері тіркелуде. Сондықтан аталған жағдайға байланысты көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Аталған жағдай бойынша, Ақмая-Шиелі станциясы аралығында 2954 км, п-5 2205 пойызы келе жатқанда адам өту дерегі тіркелген. Іздестіру нәтижесінде Шиелі кентінің тұрғыны Ж. деген азамат анықталған. Жазалау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заң жүзінде іс-шара көрілген. Осы сияқты Шиелі станциясы мен ЖПб-ның полиция қызметкерлері жан-жақты обьективті түрде тексерулер жүргізіп жүр. Ендеше, осындай келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін, қауіпсіздік ережелеріне бағынайық.
Фариза КЕНЖЕШОВА