Тәуелсіздік – ұлы күн

«1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз Президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық» деп тарихқа шолу жасау арқылы шараның шымылдырығы түрілді. Тәуелсіздік мерекесіне орай тарих пәнінің мұғалімдері Гүлнар Абдукаликова, Сара Тулегенова, Лаура Батыршаева ұйымдастырған шараға 5 сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары алдымен Тәуелсіздік туралы толғауларын оқыды. Одан әрі күмбірлеген күй төгіліп, мың бұралған бишілердің «қазақ» биін тамашаладық. Тарих апталығын өткен жылдар шежіресімен байланыстыра отырып, көрерменге қуаныш сыйлаған шараның соңы оқушылардың сәлемдемесімен қарытындыланды.
Г.ӘБДІХАНИ