Тәуелсіздік балалар көзімен
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі биыл 29 жыл. Жиырма тоғыз жылдың ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.
Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өшпес жігердің отымен келген ұлы күн. Сондықтан да бұл күнді Қазақстанның әр азаматы ерекше тойлауы тиіс. Әсіресе, келешекте елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі бүлдіршіндерге тәуелсіздіктің ұлылығын, қадір-қасиетін ұғындыру маңызды. Осы орайда мерекеге орай аудандағы балабақша қызметкерлері түрлі шара ұйымдастырып, балаларға патриоттық тәрбие беруге ерекше мән беруде.

Биыл да әдеттегідей «Жадыра» бөбекжай-бақшасы мерекені ерекше тойлады. Ересек «Балауса» тобында «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Шарада алғашқы сөз сөйлеген балабақша меңгерушісі Жанар Нұртаева балаларға еліміз үшін тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екенін, егеменді ел болу жолында ата-бабаларымыз көптеген қиындықты бастарынан өткергенін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу керегін әңгімелеп берді.
Бүлдіршіндердің өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, оларға тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында ұғындыруды, әр балаға Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екенін түсіндіруді мақсат еткен ертеңгілік қатысушылардың патриоттық рухын асқақтатып, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Ертеңгіліктің ерекшелігі сол, шараға тек «Балауса» тобының балалары ғана емес, бүкіл ұжым атсалысты. Әсіресе, балабақша қызметкерлерінің Желтоқсан оқиғасын сахналаған көрінісі балаларға ерекше әсер етті. Тәрбиешілер Ә.Оспанова, Д.Аликулова, Қ.Жанболат, Л.Айтбай, Ф.Алтынбектер қайсар рухты қазақ батыры Қайрат Рысқұлбековке жазықсыз жала жабылып, құрбан болғаны жайлы оқиғаны балаларға түсінікті әрі әсерлі етіп жеткізді.
Шараны тәрбиеші Бағила Әбубәкірова жүргізіп, балалардың Отан, тәуелсіздік жайлы білімдерін түрлі сұрақ-жауап, ойындар арқылы пысықтап отырды.
Жалпы «Жадыра» бөбекжай-бақшасы – жемісті жұмыс жасап келе жатқан аудандағы іргелі мектепке дейінгі мекемелердің бірегейі. Ұжымның ұйымшылдығы, балдырғандардың балдай тәтті күлкісі, балабақша қызметіне дән риза ата-аналар – «Жадыралықтардың» жалынды еңбегінің жемісі болса керек.
Г.ЯХИЯ