БҰДАБАЙДЫҢ ІЗІ

Жыр кешінің алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловқа ашып беріп, жырауларға жылы лебізін білдірді.
Жыр фестивальдің негізгі мақсаты – халқымыздың төл мұрасы- жыраулық, термешілік өнерді ұрпақ санасына сіңіре отырып, оның сиқырлы мақам сазын өнер сүйер қауымға жеткізу. Сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі жыраулық өнерін дамыту және оны ұлықтай түсу болып табылады.
Фестивальге саф өнердің иесін танып киесін білетін 16 жыршы-жыраулар қатысты. Олар Бұдабай Қабылұлының ұлы мұратын, өскелең ұрпаққа өнеге болатын шығармаларын майын тамызып, мақамын келтіріп жүрекке жеткізіп жырлады. Сусап қалған шиеліліктерді жырдың кәусар бұлағымен сусындатты. Бұл бірден-бір рухани шара екенінде тілге тиетті құрметті меймандар.
Байқау қорытындысында күллі қатысушыларға алғыс хаттармен сый-сияпаттар салтанатты түрде табысталды. Тамыры аса терең рухани танымнан тарайтын Сыр шайырларының жүйрігі, сүлейлердің сүйрігі Бұдабай ақынның 180 жылдығына негізделген ілкімді істер жыл аяғына дейін жалғасын табады.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ