Ұлттық өнер ұлықталды
Жыршы – бұл ғасырлар қазынасының шежіресі. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы, эпостық жырлар, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен. Әдебиет тарихында жыршылардың орны ерекше.
Жыршы жыраулар эпикалық жырларды жаттап, тақпақ түрінде төгілте айтылатын қысқа әуенмен мақамына келтіріп айтқан. Кей жағдайда әуен ырғағына, оқиға желісіне қарай құбылтып орындау дәстүрі күні бүгінге дейін сақталған. Дегенмен де, бұл дәстүр ғасырдан- ғасырға мұра ретінде сақталып, ұрпақтар жалғастығы ретінде бүгінде кеңінен насихатталуда. Ұлттық тәлім тәрбиесі мен рухани ағартушылық бағытта үлкен рөл атқарған қазақ даласындағы жыршы-жыраулар, қазақтың рухани қазынасы, мол байлығы. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей қолдауымен облыс, республика көлемінде он жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «Жыр керуен» атты облыстық дәстүрлі әнші-жыршы-жыраулар фестивалі тұңғыш рет Шиелі аудан әкімдігінің қолдауымен ауданымызда өткізілді. Бұл жобаны «Қазақстан- Қызылорда» телеарнасындағы «Сыр сүлейін сұрасаң» және «Жыр керуен» теле-жобасының редакторы әрі жүргізушісі Марат Сүгірбай жүргізіп, жыршылардың айтылу мәнері, жырды пайдалану тұрғысынан қосымша мәліметтер беріп отырды.
Фестивальге Сыр бойы жыраулық дәстүрін әлемге танытып жүрген дарабоз жыршы-жыраулар Р.Ахметов, М.Сәрсенбаева, А.Ноғайбаева, А.Рахметов, Ш.Бимбетова, Н.Ақтаев, М.Бекпейісовтер қатысты. Сондай-ақ, жас талапкер жыршылар жырдан көрерменге шашу шашты. Өнерпаздар халқының мұң мен шерін айтып, жоғын жоқтаған жыраулардың шығармаларын шырқады. Сыр сүлейлерінің сөз сарқытын сіңіріп, мақпал мақамдарын мәйегіне келтіре орындаған жыраулық дәстүрін жалғастырушылар тыңдарманның көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Осы дәстүрдің мұрагер ұрпақтары шара соңында алғыс хаттармен марапатталды.
Жұлдызай НОҒАЙБАЙҚЫЗЫ.