Сыр өңірінде жыраулық өнер дәріптеледі - Майра Сәрсенбаева
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай Сыр өңірінде көптеген игілікті шаралар жүзеге асады. Сыр бойындағы жыраулық өнерді дәріптей отырып, бұл бағытта бүгінгі ұрпаққа ұлағат болатын маңызды жобалар қолға алынбақ. Белгілі жырау, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталықтың жыраулармен жұмыс секторының меңгерушісі Майра Сәрсенбаева мақалаға қатысты пікір білдірді. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР «Ұлы даланың жеті қыры» Түркияның Önce Vatan газетінде жарияланды Тарихи жәдігерлерге тың көзбен қарауға мүмкіндік беретін елеулі оқиға - ғалым Тарихымызға қатысты тың мәліметтер шетелдік архивтерде жатыр «Атап айтқанда, олардың қатарында жыр мектептері мен жыр-терме үйірмелерінің жеке-жеке концерттерін ұйымдастыру, жыраулық мектептері арасында Сыр бойындағы ақын-шайырлардың терме-қиссаларын орындаушылардың және қобыз үйірме мүшелерінің облыстық байқауларын өткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, «Сүлейлердің жолымен» атты осы Сыр еліндегі жыраулық мектептер шәкірттерінің арасында облыстық байқауын, «Кәусар бұлақ» атты республикалық дәстүрлі өнер фестивалін ұйымдастыру, орта буын жыраулардың шеберлік дәрістерін ұйымдастыру ойластырылған. Сонымен қатар, облыстық «Атадан қалған асыл жыр» облыстық семинар, дәріс-концерттер өткізу және шәкірттерді облыстық, республикалық, халықаралық байқау-фестивальдерге қатыстыру, жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Сүлейлердің жауһар жырларын жаттату, қобызбен сүйемелдеп жыр айту арқылы ұлттық өнерді дәріптейтін тұлға қалыптастыру, жыр әлеміне жаңа есімдер шығару мақсатында «Жыр мұра» жобасы ұсынылып отыр», - деді Майра Сәрсенбаева. Оның айтуынша, Сыр өңірі - талай-талай дүлдүлдерді, сүлейлерді, шайырларды дүниеге әкелген құтты мекен. Бұл өңірде ата-бабамыздың салып кеткен сара жолы жатыр. «Айта кету керек, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Өздеріңізге белгілі, күллі түркі әлеміне ортақ тұлға, ұлы ойшыл Қорқыт атаның мұраларын кейінгі ұрпаққа амантаттау мақсатында Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-нің тізіміне енгізу үшін облысымызда көптеген шаралар ұйымдастырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде облысымыздың жеті ауданында қобыз үйірмелері ашылып, оған кәсіби мамандар дәріс беруде. Сондай-ақ, биыл алғаш рет Сыр өңірінде «Қорқыт-Қобыз» атты республикалық қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың байқауы өтіп, көпшілік қауымның көңілінен шықты», - деді М.Сәрсенбаева. Ол бабалар мұрасын насихаттау мақсатында Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембекұлы атындағы Жыраулар Үйі, Сәрсенбай жырау атындағы жыр сыныбы (аудандық Әуез мектебі жанында), Арал ауданында Нұртуған шайыр мектебі, Шиелі ауданында Нартай жыр мектептері жұмыс жасап жатқанын айтып өтті. Бүгінгі таңда осы жыр мектептерінде 206 оқушы дәріс алады. «Жыраулық дәстүрді кейінгі тыңдаушы қауымға насихаттау мақсатында 13 қарашада А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Керуен жырдың жалғасы...» атты Сыр бойындағы жыраулық мектеп шәкірттерінің концерті ұйымдастырылды. Кеште Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің, Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің, Арал аудандық мəдениет орталығының, Қазалы ауданындағы Байназар Өтепов атындағы жыр үйірмелерінің, Шиелі ауданындағы Нартай жыр мектебінің жəне Қызылорда қаласындағы жыр үйірмелерінің шəкірттері өнер көрсетті. Байқауға әр мектеп өкілдері жыраулары қатысып, өзара пікір алмасты», - деді ол. Жоба аясында Сыр сүлейлерінің бұрын-соңды көп орындалмай жүрген жырлары, мақам-саздары жинақталып, жас буын таланттарға үйретіледі. Сонымен қатар, өнерпаздар орындауындағы жыр-термелерден СD-диск дайындалып, аудандық, ауылдық елдімекендердегі мәдениет ошақтарына әдістемелік құрал ретінде таратылмақ. «Сонымен бірге, Елбасымыз атап өткендей Дала фольклоры мен музыкасының жылы жобасы аясында Сыр сүлейлерінің әлі де жинақталмай жүрген мақам-саздары, жыр-терме, дастандарын жинақтау үшін арнайы экспедиция құрылып, ел арасындағы мәдени мұралар музыкалық антология болып жарыққа шығады деген жоспарымыз бар», - деді М.Сәрсенбаева.
inform.kz
inform.kz