Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада балаларға арналған археологиялық лагерь ашылмақ 

Қызылордада балаларға арналған археологиялық лагерь ашылмақ 

ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балаларға арналған археологиялық лагерь ашылады, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атыраулықтар Елбасы мақаласын іске асыру жобаларын ұсынды Президенттің мақаласында ұсынылған жобалардың бәрі де ғылыми сипатқа ие - TWESCO сарапшысы Елбасы мақаласы болашағымыздың көкжиегін айқындауға жол ашады - Көкшетау ғалымдары Аталмыш жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай қолға алынбақ. Келер жылдан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері бірнеше ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Солардың бірі - балаларға арналған «Археолог» лагерінің ашылуы. Балалар Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатысады деп күтілуде.   «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлан-ғайыр даламыздың әлемдік кеңістікте зор орны барын дәлелдей түсетін деректерге толы.  Расында, біздің даламызда кезінде қаншама оқиғалар болды. Адамзаттың атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы секілді ұғымдар - біздің санамызға сіңген дүниелер. Сондай-ақ Қазақстан - алма мен қызғалдықтың отаны екенін жер жүзіндегі жұрт біледі. Ендігі кезекте, тарихи сананы жаңғырта отырып, архив мәселесіне назар аударып, ұлы даланың есімдерін ұлықтауға көңіл бөлетін боламыз», - деді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Асхат Сайлау. Оның айтуынша, түркі халықтарының дамуында Сыр өңірінің маңызы айрықша. Дария бойында түркі және қазақ ұғымында өз орны бар Қорқыт ата кешені, Жанкент, Шірік Рабат, Сығанақ көне қалалары орналасқан. Сондай-ақ халқымыз өміріндегі көптеген тұғырлы тұлғалар да осы өңірде дүниеге келіп, айдай әлемге есімін танытты. «Біз бірнеше жобаны ұсындық. Егер олар қаржыланса, келер жылдан бастап жүзеге асырамыз. Сонымен қатар, балаларға арналған арнайы археологиялық лагерь ашуды ұсынып отырмыз. Оқушылардан құралған топ 20 күн ішінде ортағасырлық көне Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатыстырылады. Сондай-ақ, лагерьде ғалымдармен кездесулер, қасиетті нысандарға экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастырылады», - деді Асхат Сайлау. Айта кету керек, «Қазақстанның қасиетті нысандары» жобасы аясында облыстық мұражай «Қызылорда облысының киелі жерлеріне саяхат» жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде 400 бала ортағасырлық көне қалаларды және сәулет ескерткіштеріне саяхат жасап, қасиетті жерлерді аралады. Естеріңізге сала кетелік,  Сыр өңіріндегі Сығанақ қалашығын этонотуризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізілді. Биылғы қазан айының соңында Сығанақ қалашығы туристік нысан ретінде ашылды.

inform.kz
26 қараша 2018 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930