Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жерлесіміз «Мен қазақпын» мега жобасында

Үш жерлесіміз «Мен қазақпын» мега жобасында


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Qazaqstan» ұлттық арнасы қолға алған халықаралық деңгейдегі «Мен қазақпын» мега жобасының іріктеу кезеңі аяқталды. Жобаға еліміздің барлық өңірлеріндегі өнерпаздар мен Моңғолия, Ресей және Қытай еліндегі қандас бауырларымыз қатысты.
«Мен қазақпын» мега жобасына аудандар мен Қызылорда қаласынан 18-40 жас аралығындағы 120-ға жуық талапкер қатысып, оның 25-і облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Сол жолдаманы алған өнерпаздардың ішінен оқ бойы озық шыққан шиеліліктер жыршы, термеші Күнсұлу Түрікпен, күйші Ақылбек Ташимов, дәстүрлі әннен Мұхаммедәлі Бекпейісов жеңімпаз атанды. Атадан балаға мұра болған дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі заман талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жобаның облыстық іріктеу кезеңінен өтіп халықаралық байқауға жолдама алды.
Айта кету керек, аудан әкімі Ә.Оразбекұлы күйші Ә.Ташимовқа халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны сыйлап, қатысушыларға ұлттық нақышта өрнектелген, концерттік киім тіктіртіп берді. Бұл да халықтың салт-дәстүріне деген қамқорлық, ұлттық өнерге деген адалдық пен жанашырлық деп білеміз.
Республикалық кезеңге өту үшін талапкерлер жақсы дайындықпен келгенін брифинг барысында өнерпаздар тілге тиек етті. Ұйымдастырушылар былтырғы сайыскерлер жырды көмей арқылы айтып, ерекше талант иелері, өз дарындылығын көрсеткенін алға тартты. Сонымен қоса, биылғы жобада тың жаңалықтар өте көп екенін айтты. Жүлделі орындардан бөлек, өнерпаздардың арасынан «Көрермен көзайымы-2018» анықталатын болады. Сондай-ақ, сайыста жеңімпаздар, әділқазылардың дауысы мен халықтың смс жолдамамалары онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.
Сыр елінен жыр, күй, терме өнерінің қаймағы бұзылмай, жақсы дамып келе жатқанын байқауға болады. Елбасы: «Ұлттың бірегейлігі сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» – деген болатын. Осы орайда, «Мен қазақпын» жобасы үлкен міндетті жүзеге асыра отырып, тәңір сыйлаған жыраулық-жыршылық дарынымен, даралығымен ерекше көрінген өнер иелерін насихаттап келеді. Тектіліктің алтын арқауы болған жыраулық өнердің бұл күнге үзілмей жетуі – ұлын нарға, қызын арға балаған, бабадан мирас болған қасиетті өнерді қадір тұтқан елдің арқасы. Жырды қағазға түсірмей-ақ ауыздан-ауызға тарап, даланың бір шетінен екінші шетіне сол қалпында айнытпай жеткізу – бұл күйші, жыршы, термешілердің дарындылығын көрсетеді. Сондықтан, аттыға жол, ауыздығы сөз бермейтін, шашасына шаң жұқпайтын жүйрік өнерпаздарымызға өңіріміздің намысын қорғауда сәттілік тілейміз.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
06 тамыз 2018 ж. 1 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031