«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Мен қазақпын» мега жобасына аудандар мен Қызылорда қаласынан 18-40 жас аралығындағы 120-ға жуық талапкер қатысып, оның 25-і облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мәлімдеді.
Атадан балаға мұра болған дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жобаның облыстық іріктеу кезеңі 11-27 мамыр аралығында өтті.
«Сыр елі – қаймағы бұзылмаған өңір, төл өнердің жақсы дамып келе жатқанын байқадық. Облыстық кезеңге өту үшін талапкерлер жақсы дайындықпен келген. Ал облыстық іріктеудің ақтық сайысы 17 маусым күні Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді»,- деді телеарна директоры.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мира Әбуованың айтуынша, телевизиялық мега жобаға былтыр біршама өнерпаздар қатысып жақсы нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, облыс әкімінің кеңесшісі Айгүл Сағымбай өнер додасына қатысушыларға сәттілік тіледі. Былтырғы сайыскерлер жырды көмей арқылы айтып, ерекше талант, дарындарын көрсеткендерін атап өтті. Бұл жоба Сыр өңірінің өнерпаздары үшін республикалық, халықаралық деңгейдегі додаларға бастар баспалдақ іспетті.
Осы жылы телевизиялық Мега жобасында тың жаңалықтар өте көп. Соның бірі, жүлделі орындардан бөлек, өнерпаздардың арасынан «Көрермен көзайымы 2018» анықталатын болады. Бұл номинацияны халық онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі.