Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "MEN QAZAQPYN" халықаралық мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті

"MEN QAZAQPYN" халықаралық мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған "Мен қазақпын" телевизиялық жобасы, ұлттық мұраларымызды (күй, ән, терме) насихаттауда айшықты маңызы бар жоба. Өнер мұрагер ұрпақтары арқылы дәстүрлі сипатқа ие болады деп жатамыз. Осы орайда ұлттық өнердің мұрагер ұрпақтақтарын қалыптастыруда, жаңа есімдерін елге таныстыруда бұл аталмыш жобаның бағыты айқын, мақсаты мәртебелі, абыройы асқақ.
Сыр өлкесі, небір саңлақ өнер иелерін тудырған қасиетті мекен. Түркі халықтарының абызы Қорқыт бабамыздың, дәулескер күйші Қазанғаптың, жыр бұлағындай болған Базар, Жиенбай жыраулардың, сексен әннің басын қосқан Нартайдың өлкесі бұл.
Себебі аталмыш жобаның халықаралық кезеңіне жолдама алып, үлкен жауапкершілік арқалап жатырмыз.
Бір нәрсені тілге тиек еткім келеді. Қасиетті Қармақшының топырағында кіндік қанымыз тамғанымен, бұл жобаға Шиелі ауданынан бақ сынастым.
Жыр мектептері, қала берді жыр салтанаты Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында, Аллаға шүкір бір жолға қойылып, дамып келе жатыр. Осы орайда, кешегі Манап, Нартайлардың ән мен сазы қалған Шиелі ауданында да жырдың керуен көші мен салтанатын тоқтатпау мақсатындағы мүддеміз айқын, бағытымыз бағдарлы. Өнер ру мен шекараға бөлінбек емес. Айналып келгендегі біздің түпкі мақсатымыз, ұлттық өнердің ұлықталуы, төл өнеріміздің төрге шығару болмақ.
Бағымыз мен бабымызға қарай, алдағы уақыттағы додалы бәйгеде, ел намысын абыройлы әрі нәтижелі түрде қорғаймыз деген үміттемін!
Дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасында өткізілген "MEN QAZAQPYN" халықаралық мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.
"ҮЗДІК АЙМАҚТЫҚ ТЕРМЕШІ" номинациясы бойынша КҮНСҰЛУ ТҮРІКПЕН, "ҮЗДІК АЙМАҚТЫҚ КҮЙШІ" номинациясымен ӘДІЛБЕК ТӘШЕНОВ және "ҮЗДІК АЙМАҚТЫҚ ӘНШІ" номинациясымен МҰХАМЕДӘЛІ БЕКПЕЙІСОВ жеңімпаз атанды. Сыр елінің намысын қорғайтын жеңімпаздарымызға ақ жол тілейміз! Құтты болсын! Ұлттық өнеріміз мәңгілік болсын!











19 маусым 2018 ж. 1 149 0