Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «MEN QAZAQPYN» МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«MEN QAZAQPYN» МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ, ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Мен қазақпын» мега жобасына аудандар мен Қызылорда қаласынан 18-40 жас аралығындағы 120-ға жуық талапкер қатысып, оның 25-і облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мәлімдеді.Атадан балаға мұра болған дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жобаның облыстық іріктеу кезеңі 11-27 мамыр аралығында өтті.«Сыр елі қаймағы бұзылмаған өңір, төл өнердің жақсы дамып келе жатқанын байқадық. Облыстық кезеңге өту үшін талапкерлер жақсы дайындықпен келген. Ал облыстық іріктеудің ақтық сайысы 17 маусым күні Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді»,- деді телеарна директоры.Осы жылы телевизиялық мега жобасында тың жаңалықтар өте көп. Соның бірі, жүлделі орындардан бөлек, өнерпаздардың арасынан «Көрермен көзайымы -2018» анықталатын болады. Бұл номинацияны халық онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.


16 маусым 2018 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30