ӨЗГЕ СӨЗДЕН ӨЛЕҢГЕ ҰСТА БҰДАБАЙ
Шиелі «сүлей», «шайыр» деп дәріптейтін ақын-жазушыларға бай мекен. Биыл арқалы азамат Бұдабай Қабылұлының туғанына – 180 жыл. Осыған орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Телікөл ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен, Ә.Тәжібаев ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Өзге сөзден өлеңге ұста Бұдабай» атты жас жазба ақындардың мүшәйрасы өтті.
Алдымен Телікөл ауылдық округі әкімі Әлібек Сәрсенбаев сөз сөйлеп, жас ақындарға сәттілік тіледі. Әдеби байқауға аудандық оқушылар үйі директорының оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахметулла Жолтаев, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлдана Жақыпова, Б.Қабылұлы атындағы мәдени шығармашылық орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Гүлшат Шайзадақызы қатысып, қазылық етті.

Байқауға ұшқыр қаламынан жырдың сұлу тамшылары төгілген ақиық ақындардың жолын қуып, өнер әлемінде қалықтағысы келетін, келешегінен үміт күттіретін мектеп қабырғасында білім алып жүрген талантты жазба ақындар қатысты.
Аудандық жас ақындар мүшәйрасы мәресіне жетіп, әділқазылардың шешімен бас жүлдеге Ақсамал Тұрсын (Еңбекші ауылы) лайық деп танылды. Бірінші орынға Гүлназым Кәрімова (Ә.Тәжібаев ауылы) ие болды. Ал екінші орынға қол созған Гүлім Болатова (Қарғалы ауылы) мен үшінші орынды түйіндеген Жанерке Фазылова (Алмалы ауылы) және Нұрсауле Пірмағанбет (Бала би ауылы) арнайы алғыс хат пен арнайы сыйлыққа иелік етті.
Жас ақындардың керемет кешіне куә болған көрермендер жоғары көңіл-күйде тарқасты. Қазақтың қанына біткен өшпес мұрасын ұрпақтарға жалғастырар ұландары барда Каспий теңізінің толқынындай тулаған жас ақындардың арамыздан өсіп шыға беретіндігіне сеніміміз мол.
Сұлушаш МАДИЯРОВА