Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдызы биік жанды жырға қосты

Жұлдызы биік жанды жырға қосты


Сырда туған сырбаз ақын Әбділдә Тәжібаевқа биыл – 110 жыл. Осыған байланысты Өткен жұмада ақынның атын иеленген ауылда мүшәйра өтті.
Оны Телікөл ауылдық округінің клуб үйі ұйымдастырды. Жұма күні жұлдызы биік жанды жырға қосқан ақындар 1 қазанда тойланатын қарттар күнін де ескерусіз қалдырмады. Айтулы датаны бір-бірімен байланыстырған шараға Ә.Тәжібаев ауылының тұрғындары және 11 елді мекеннен келген ақындар қатысты. Шара барысында №214 мектептің оқушылары Сыр өңірінің мәуелі бәйтерегіне айналған тұлғаның туындылары және еңбек жолынан қысқаша ақпарат айтты.
Содан кейін №214 мектеп директоры Үсен Ахметов, әйелдер кеңесінің төрайымы Айсара Әбілдаева, Телікөл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкері Жайна Жақыпова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ақындарға аудандық мәдениет үйінің әдіскері Айзада Әшімқызы және №205 мектеп директоры Асқар Есім қазылық етті. Ой мен жырдың толқындай тулаған айдынына желкен жайған жас ақындар екі кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы бөлімде қатысушылар драматург Ә.Тәжібаевқа арнаған туындыларын оқыды. Ал келесі кезеңде қазыналы қариялардың құрметіне өлең шығарды.
Жыр қанатына қонған ақындардың арасынан Еңбекші елді мекенінің тумасы Сұлтанбек Қожабеков топ жарды. Ол 13 қатысушының арасынан оқ бойы оза шауып, бас жүлдені иеленді. Ал бірінші орынға Бала би ауылының тумасы Қырмызы Айқынбай лайық деп танылды. Екінші орынды Ә.Тәжібаев ауылының тұрғыны Арайлым Есім иеленді. Жөлек ауылынан келген Қазақбай Әндешұлы мен Ортақшыл ауылының тумасы Қылышбай Айтбай үшінші орынды қанағат тұтты. Сөздің киесін ұғынып, өн бойына өлең дарытқан ақындарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сайыс соңы мерекелік концертпен жалғасты.

Маржан БОЛАТҚЫЗЫ

01 қазан 2019 ж. 1 190 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031