Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тиынды да тиімді пайдалану керек

Тиынды да тиімді пайдалану керек

Қаржыны тиімді жоспарлау, ауданның жылдық қажетті қаражат көзіне талдама жасай отырып, барлық саланың қажетті жылдық қаражатын тиын-тебеніне дейін есептеп, жоғары уәкілетті органдардан, облыстық және республикалық қазынадан қаражат тарту «Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің» ­басты міндетіне кіреді. Осынау айтулы кәсіби мереке қарсаңында оларды назардан тыс қалдыру мүмкін емес. Сол себепті аталған бөлімнің тарихы мен жеткен жетістіктеріне тоқталуды жөн көрдік.
Тарихты тарқатар болсақ, әр кезеңдерде райплан төрағалығы қызметін Ә.Иманбердиев, М.Бекболов, С.Аманжолов, Ү.Мырзахметов, А.Сматов сынды азаматтар атқарған. 1991 жылдан аудандық экономика комитетінің төрағасы А.Сматов, 1999 жылдан бастап М.Алтайбаев, 2002 жылдан бастап аудандық экономика комитетінің негізінде құрылған аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі болып М.Алтайбаев, 2004 жылдан Н.Ахатов басшылық жасаса, осы бөлімі негізінде 2004 жылдың аяғында жаңадан құрылған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып Н.Ахатов тағайындалған. 2006 жылдың шілде айынан бастап осы бөлімнің бастығы қызметін Е.Дүйсенов атқарып, 2009 жылы Н.Ахатов қайта байырғы қызметіне оралады. 2010-2018 жыл аралығында Марат Серікбайұлы, 2018-2020 жылдары Мұхамедәлі Мақаш, 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бөлім басшылығы қызметін Дәуренбек ­Жакеев абыройымен атқарып келеді.
– Қаржы жүрген жерде қателесуге болмайды. Ал біз жай қаржы емес, мемлекеттің қазынасын халық игілігіне жұмсау үшін тер төгеміз. Ауданның әлеуетін арттырып, көркейіп, гүлденуі үшін әрбір тиынның тиімді жұмсалғаны маңызды. Сондықтан мекемедегі әрбір маманның еңбегін ерекше бағалаймын, – дейді бөлім басшысы.
Расында, аталған бөлімге жүктелген міндет те, сенім де мол. Бастысы бөлім қызметкерлері артылған сенімнің үдесінен шығу үшін аянбай қызмет етуі қажет.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
16 қараша 2022 ж. 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9253)

09 қараша 2024 ж.

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930