Бір жұлдыз болып жанамыз
Өткен аптада «Балалар жылына» орай Шиелі аудандық «Арман» мәдениет үйінде «Бір жұлдыз болып жанамыз» атты өнер фестивалі өтті. Фестивалдің мақсаты ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өзін өзі тануға жәрдемдесу, қоғаммен етене араластырудың тиімді тәжірбиесін қолдану.
Әуелі ән мен биге толы шараны «QAZAQSTAN ZHASTAR» қоғамдық қорының менеджері Роза Мизамбаева ашып беріп, жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Әуелі ән мен биге толы шараны «QAZAQSTAN ZHASTAR» қоғамдық қорының менеджері Роза Мизамбаева ашып беріп, жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
– Баршаңыз бүгін «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған керемет кештің куәсі боласыздар деп сенемін. Бұл кештің мына біздер үшін, әсіресе өскелең жастар үшін маңызы ерекше. Жастарымыз өнер жолында жарқырап, істеп жатқан еселі еңбегіміз еленіп, тұғыры биік ел болайық, – деді ол.
Бұл өнер фестиваліне ерекше қамқорлықты қажет ететін ақылына көркі сай 21 оқушы қатысты. Қатысушылар «Эстрадалық вокал», «Вокалды топ», «Дәстүрлі ән», «Көркем сөз», «Ақындық өнері» сынды жанрлар бойынша өнер көрсетті. Осы бір атаулы фестивальге «Сыр үміті» сыйлығының иегері Дәурен Беркімбаев, республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Римма Ералы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бөлімше меңгерушісі Сара Көшкенбаева қазылық етті.
Салтанатты шара соңында оған қатысқан барлық оқушылар алғыс хатпен сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Үздік әнші» номинациясын Алмасхан Қалдыбаев иеленсе, «Үздік биші» номинациясымен Асылай Ерболат, «Жігер» номинациясымен Нұршат Әуелбеков, «Өнерлі жан» номинациясымен Нұрсезім Қадырбай, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Мұхаммед Еркінбеков марапатталды.
Байдәулет ҚАРАБАЛА