Есірткісіз өмір ғажайып
Есірткісіз өмір ғажайып
Қоңыр күздің ауасы таза, аспаны ашық, бұлттары көгілдір жөңкілген тамаша күні болатын. Менің де көңіл күйім жоғары еді. Сыныптасым Іңкәр екеуміз мектепке келер жолда өзінің сурет байқауына қатысқалы жүргенін айтты.Іңкәрмен ілесе келіп суреттерін байқап қарап едім "Есірткісіз ғажайып өмір" тақырыбына дайындалып жатыр екен. Табиғаттың тазалығын, судың мөлдірлігін, аспанның ашықтығын, гүлдердің қызыл-сары әсемдігін бейнелейтін әдемі, ашық түсті бояулар бір сәт қара, қоңыр, күңгірт түсті бояуларға ауыса берді. Бұл-біздің ғажайып таза әлемімізде сұлулықтан, тазалықтан, жақсылықтан өзге де әлемнің бар екенін сипаттайтын түстер еді. Ойым алай-дүлей бола түсті, сабақтан қайтар кезде күн бұлттанып, жел құтырына соғып, жаңбырға қар араласып табиғат та қаталдық көрсете қалды. Жұлқынған жел құлағыма: "ғажайып өмірдің сыртында" ғасырымыздың дерті"жасырынып тұр. Жо-жооқ, жасырынбай-ақ өзін-өзі жарнамалап көпшілік жастарымыздың санасын жаулап алған"-, деп тіл қатқандай болды.

Оқу жылының басында құқық қорғау қызметкерлері келіп, есірткі - адам өміріне қауіп төндіріп,санасын улайтын дерт екендігін атап кетті. Шынымен, неліктен радио, теледидар, газеттер мен журналдар нашақорлықтың зияны туралы тақырыпты жиі қозғайды? Сіз бен біздің,еліміздің болашағы үшін. Есірткіге қарсы тек құқық қорғау органдары ғана емес, тұтас ел-жұрт болып күрескенде ғана нәтижелі болмақ.
Адам баласының алдынан дұрыс жол мен теріс соқпақ,жеңіс пен жеңіліс сияқты екі жолдың тұрары бәрімізге мәлім. Салауатты өмір салтын ұстанатын білімді, дені сау жастары бар ұлттың болашағы да жарқын болмақ.Жастар - бойында күш-қуаты тасыған, жастық жігері мол, жаңалыққа жаны құмар жандар. Сол құмарлықты есірткі сияқты зиянды, жаман заттарға алмастырып алмайық!
Алпысбай Жұлдызай, Шиелі ауданы №149 орта мектебі 7 сынып оқушысы
#есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс