Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП


Қызылорда ОПД  ЕҚКІҚБ     
БАЙҚАУҒА
"ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП"
Мектепте тарих, әдебиет пәндерінен қазақ халқынының жүріп өткен замандарын оқи отырып небір қиыншылықтарды бастан өткерген халық екенімізді білемін. Отарлау, аштық, соғыстың бәрін көрсекте ұлт ретінде қазіргі таңда Тәуелсіз ел болғанымыз ұлттық дәстүр мен  құндылығымызды  берік ұстанған  ата- баба рухына бас имеске амал жоқ. Алайда, осы күні кейбір  замандас достарым мен құрбыларымның өрескел, бей әдеп және зиян әдеттерге бой алдырғыш әлсіз тұстарын көріп  ұлық бабаларымыздың ұрпақтары қандай тәрбие алып жатыр деген сұрақ көкейіме келе береді.      Менің  есірткі тұтынып, әбден тәуелділікке бой алдырған танысымда, жақынымда, досым да жоқ. Лайым болмасын деп тілеймін. Алайда жап жас достарымыздың арасында электронды темекіге құмарлық  танытып жүргендер бар.
 Үлкендер, ата аналар ойлауы мүмкін жай балалықпен уақытша құмартып жүр деп, бірақ ең қорқыныштысы тәуелділік осындай " ойыннан" басталуы әбден  мүмкін.
Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақ­тау жүйесі туралы» кодекстің 110-бабы,  248-тар­мағында «Темекі бұйымдары – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пай­да­ланатындай етіп дайындалған шикі­зат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің бас­­қа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер» деп ай­қын жазылған.
Бұл дегеніңіз жоғарыдағы аталған электронды темекі, оны шегу арқылы наркотикалық заттарды да ішінара   пайдалану туралы айтылған.  Осы электронды темекіге "флешка" деп жастар арасында аталып кеткен сұйықтығы емін еркін саудалануы үрей туғызады. Біз болашақ есірткіден азат қоғам құрамыз десек осы сауда түріне үзілді кесілді заңмен тиым салуымыз керек.
Жақында әлеуметтік желіде бірінің аузынан бірі алып, кезектесіп сорып жүрген өзім сияқты мектеп оқушылары ызамды тудырды. Олар үшін жаным ауырды. Егер заң қатал болса олар ашықтан ашық ондай көрініс жасамаған болар еді.
Алайда жастарды жаман әдеттерден аулақ болуына  заңнан да тегеурінді тәрбие бар. Мектеп бұл бағытта көптеген шаралар жасауда, алайда әр ата-  ана ұясында баласына  тағылымы мол тәрбие көрсету керек.
Есірткісіз жарқын, ғажайып өмір  сүруге барлық адам лайық!

 
Қызылорда облысы,Шиелі ауданы №244Ы.Жақаев атындағы орта мектептің 9 «Б»сынып оқушысы Бекболатқызы Ақбота

# есірткігеқарсыбайқауы
#антинаркотическийконкурс
30 қазан 2022 ж. 182 0